
Политика государства направлена на защиту прав предпринимательства и свободу экономической деятельности.
Мемлекеттің саясаты кәсіпкерлік құқықтарын қорғауға және экономикалық қызмет еркіндігіне бағытталған.
Прокуратура органдары барлық саладағы, соның ішінде әкімшілік іс жүргізудегі бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.
Тексеру қорытындысы көрсеткендей, елордалық мемлекеттік кірістер органдарында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудың негізсіз практикасы қалыптасты.
70 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Сарыарқа Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкер ӘҚБтК 92-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданған.
Бұған 957 теңге сомасындағы әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемеу негіз болды, бұл 1 айлық есептік көрсеткіштен кем және тиісінше кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.
Сонымен қатар, уәкілетті емес лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы 70 істі қарау фактілері анықталды. Заңмен мұндай адамдардың толық шеңбері белгіленген.
Әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, 30 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғау фактілері орын алды.
Қазіргі уақытта қаланың прокуратура органдары 170 кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласының
прокуратурасы