
17.01.2023 жылы «Есіл» ауданы прокуратурасының бастамасымен Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Кәмелетке толмағандардың жазатайым оқиғаларға ұшырауы» тақырыптары аясында уәкілетті органдардың қатысуымен 60-тан астам ата-аналарға дәріс өткізілді.
Кездесуде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды алдын алу бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар, ата-аналарға және мұғалімдерге баламен қарым-қатынас орнату бойынша ұсыныстар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері және электронды темекі шегудің зияндары туралы айтылды.
Сонымен қатар, ата-аналарға есірткі заттардан немесе сол тектес психотроптық заттарды насихаттаудан және заңсыз жарнамалаудан, сондай-ақ оларды сақтау, дайындау және тартудан балаларды қорғап қалу бойынша кітапшалар таратылды.