Астана қаласының прокуратурасы қызметкерді жоғары лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).
Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .
Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;
2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;
4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;
5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиді.
Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:
1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Анықтама телефондары: 71-21-12, ішкі 7010805,
Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.
Астана қаласы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы