Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Астана қаласының прокуратурасы қызметкерді жоғары лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;

3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;

5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиді.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

 

Анықтама телефондары: 71-21-12, ішкі 2112,

Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.

  Астана қаласы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2025