ҚР барлық аймақтары үшін тегін " 115 " телефон нөміріне қоңырау шалып, Сіз өтінішті қалдыра аласыз:
- қылмыстық қудалау органдарының қылмыс туралы, хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіру, заңсыз жеткізу және ұстау туралы өтінішті тіркеуден негізсіз бас тарту, сондай-ақ қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзудың өзге де фактілері бойынша әрекеттері;- кәсіпкерлердің, оның ішінде заңсыз тексерулерге байланысты құқықтарының бұзылуы туралы;
- азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы туралы, оның ішінде еңбекақының төленбеуіне байланысты;
- білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жағдайлары туралы;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін заңсыз ақы алу фактілері туралы;
- прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттеріне;
Сондай-ақ, аталған нөмір бойынша прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметі мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеу жүргізіледі.
Call-орталық операторының қылмыстар, оқиғалар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы өтініштері мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес дереу жіберіледі.
Жұмыс уақытында өтініштерді Call-орталықтың барлық операторлары қабылдайды. Түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері Call-орталыққа қоңырау шалу автоматты түрде жүзеге асырылады.
Аталған сервис Қазақстан Республикасы азаматтарының өз өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Интернет арқылы онлайн режимінде прокуратура органдарына электронды форматта беруге арналған.