

А.С. Бегалин 1984 жылы 26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2011 жылы бастап, әртүрлі кезеңде Петропавл қаласы, Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі; Астана қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры; Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі; Алматы ауданы прокуратурасының бөлім бастығы; Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары; Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының аға көмекшісі; Байқоңыр және Алматы аудандары прокурорының орынбасары; Астана қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жылдан астам.
2026 жылғы қыркүйектен бастап — Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының орынбасары.