GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Прокуратура туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Прокуратура туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
22 октября 2026
Қауіпсіз балалық шақ білімнен басталады: Алматыда ауқымды профилактикалық іс-шара өтті

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №221 жалпы білім беретін мектепте қала прокуратурасының бастамасымен «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» жобасы аясында ауқымды оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, педагогтер және 500 оқушы қатысты.

Іс-шараны ашқан қала прокуроры Серік Кәріпбеков балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында 2–8-сынып оқушылары жол қозғалысы ережелері бойынша алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, жолда қауіпсіз жүріп-тұру және ықтимал қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгерді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есірткі қылмысына, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық сабақтар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін меңгеріп қана қоймай, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жобаның басты мақсаты – балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретумен шектелмей, заң талаптарын сақтау мен жауапты мінез-құлық күнделікті өмірдің қалыпты дағдысына айналатын тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Алматы қаласының прокуратурасы

 

21 октября 2026
Алматыда прокуратураның бастамасымен Юннат көліне 5 мыңнан астам сазан шабағы жіберілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласының прокуратурасы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, Юннат көлін балықтандыру бойынша экологиялық акция өткізді.

Іс-шараға Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков қатысып, табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде қоғам күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Акция барысында көлге 5 мыңнан астам сазан шабағы жіберілді. Бұл су биоресурстарын қалпына келтіруге, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және көлдің экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Аталған іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған орта жағдайына жауапкершілігін арттыруға және еліміздің табиғи мұрасын сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асыруға қосылған нақты үлес болды.

Алматы қаласының бірегей табиғи ортасын сақтау мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болғандықтан, осындай бастамалардың қала үшін ерекше мәні бар.

«Таза Қазақстан» – жай ғана экологиялық бастама емес, еліміздің тазалығы, әл-ауқаты мен болашағы үшін әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Алматы қаласының прокуратурасы

21 октября 2026
Алматыда Ақсай-1А тұрғындарының жерлерін заңсыз сату ісі бойынша үкім шығарылды

Алматы қаласының прокуратурасы Асқай-1А ықшам ауданындағы әлеуметтік шиеленіс ошағын талдау нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ПИТК төрағасы тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқаны анықталды.

2026 жылғы 17 тамызда «Школьник» ПИТК-нің бұрыңғы төрағасы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Осындай бұзушылықтардың алдын-алу және жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсету мақсатында прокуратура проблемалық МИБ және ПИК төрағаларының қатысуымен істің ашық сотта қаралуын қамтамасыз етті.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 15 мыңнан астам Ақсай-1А тұрғындарының құқықтары қорғалып, әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды.

Алматы қаласының прокуратурасы

19 октября 2026
Алматыда аса ірі көлемдегі салық алаяқтығы туралы іске үкім шығарылды

Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану схемасы арқылы салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 245 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

 Бір топ адам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген.

Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды.

Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастыруда, екіншісі - көмектесуде кінәлі деп танылды, сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүдделерді қорғауға және кәсіпкерлік саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөнінде дәйекті жұмысты жалғастыруда.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

19 октября 2026
Алматы прокуратурасы колледж студенттеріне стипендия төленуіне қол жеткізді

Алматы қаласының прокуратурасы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқықтары бұзылғандығын анықтады.

Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 млн теңгені құрады.

Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелді, 676 студенттің құқықтары қалпына келтірілді.

Алматы қаласының прокуратурасы 

14 октября 2026
Алматы прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Талдау шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметтеріне ақы төлеу кезінде жеңілдіктер алуға азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын сақтауда, бұзушылықтар анықталды.

 

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласы мәслихатының «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастыратын өзгерістер енгізілді.

 

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының қатысушылары ҚТҚ шығару қызметтеріне ақы төлеуден босатылды, оларға теңестірілген тұлғаларға, бірінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, сондай-ақ жетім балаларға 50 % жеңілдік белгіленді.

 

Екінші топтағы мүгедектер мен азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына 25 % жеңілдік қарастырылған.

 

Жоғарыда аталған жеңілдіктерді алу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүгіну қажеттігін түсіндіреміз.

 

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалатынын еске салады.

Алматы қаласының прокуратурасы

12 октября 2026
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Қытайдың Бас консулы Су Фанцзумен және Қытай инвесторларымен кездесті

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Алматы қаласының аумағында қызметін жүзеге асырып жатқан Қытайдың Бас консулы Су Фанцзу және Қытай инвесторларымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвесторлар инфрақұрылым, әкімшілік рәсімдер және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін тікелей көтерді.

Серік Кәріпбеков кәсіпкерлердің өтініштерін егжей-тегжейлі тыңдап, инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Инвесторлардың барлық өтініштері прокуратураның бақылауына алынды.

Басты міндет – бизнеспен ашық диалог орнатып, инвесторлар алдында туындайтын құқықтық және әкімшілік кедергілерді уақтылы жою.

Алматы қаласының прокуратурасы 

02 октября 2026
Өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін жеке сот орындаушысы сотталды

Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушынын, борышкердің банк шоттарынан бұрын салынған тыйым салуларды заңсыз алғандығын анықтады.

 

Жеке сот орындаушының заңсыз әрекеттері нәтижесінде борышкер өндіріп алуға жататын ақша қаражатына өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Бірақ өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлеміндегі ақша аударылмаған.

 

Сот үкімі бойынша жеке сот орындаушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігімен (жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдалануы) кінәлі деп танылды.

 

Сот оған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Алматы қаласының прокуратурасы 

01 октября 2026
Алматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков қаланың индустриялық аймағында қызметін жүзеге асырып жатқан инвесторлармен көшпелі кездесу өткізді.

Бүгінде индустриялық аймақта экономиканың басым бағыттары бойынша жалпы сомасы 965 млрд теңгеден асатын жобаларды іске асырып жатқан 162 инвестор жұмыс істейді. Жобаларды жүзеге асыру аясында шамамен 24 мың жұмыс орны құрылған.

Кездесу барысында инвесторлар инфрақұрылым, әкімшілік рәсімдер және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін тікелей көтерді.

Серік Кәріпбеков кәсіпкерлердің өтініштерін егжей-тегжейлі тыңдап, инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Инвесторлардың барлық өтініштері прокуратураның бақылауына алынды.

Басты міндет – бизнеспен ашық диалог орнатып, инвесторлар алдында туындайтын құқықтық және әкімшілік кедергілерді уақтылы жою.

Алматы қаласының прокуратурасы

26 сентября 2026
Алматыда «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа әкімдіктің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, аудан прокуратураларының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар қаланың абаттандыру және санитарлық жағдайы, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі және экология саласындағы цифрлық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылады.

Прокуратура мемлекеттік сатып алу кезінде бұзушылықтарды анықтап, оларды жою және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда. Бюджет қаражатын ұрлаудың жекелеген фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Лауазымды тұлғалардың аумақтың санитарлық жағдайына, заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жоюға және автокөлік шығарындыларына автоматтандырылған бақылауды енгізуге қатысты жауаптылығына ерекше назар аударылды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты шаралар айқындалды.

Алматы қаласының прокуратурасы 

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы