
2022 жылғы 25 наурызда Алматы қаласы прокуратурасында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысының жұмысына аумақтық қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшылары мен жеке құрамы қатысты.
Сот төрелігінің үш буынды моделі аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту жұмыстары тиімді жалғасуда.
Қылмыстық қудалау шеңберіне 55 тұлғаны негізсіз және мерзімінен бұрын тартуға жол берілмеді.
Енгізіліп жатқан құқықтық реформаларды іске асыру және тергеу сапасын арттыру бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталғанына назар аударылды.
Сонымен қатар отырыстың күн тәртібі қаңтар оқиғаларының қатысушыларына қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану мәселесі болды.
Қазіргі уақытта мұндай фактілер бойынша 59 қылмыстық іс тергелуде, олар бойынша тергеу органдарының есептері тыңдалынды.
Прокуратура тергеудің толықтығы мен объективтілігінің маңыздылығын атап өтті. Қадағалау органы өз кезегінде қабылданған процестік шешімдердің заңдылығын қамтамасыз етеді.