GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Прокуратура туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Талғар қаласында прокуратураның бастамасымен көшелерді жарықтандыру мәселесі шешілді

«Айқын нәтиже» жобасы аясында Талғар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Қылмыс картасын талдау негізінде қалада ұзақ уақыт бойы көше жарығы болмаған учаскелер анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Бестужев, Қасым хан және Бозторғай көшелеріне жарық  шамдары орнатылды.

Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері бойынша Айвазовский көшесінде жол белгілері орнатылып, автобус аялдамасы жасалды.

Аталған жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

12 октября 2026
Алматы облысында прокурорлар көп жылдан бері шешілмей келген мәселені шешті

Іле ауданының прокуратурасы аудан орталығы – Өтеген батыр ауылы тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғады.

2014 жылы ауданы 63 гектар жер 664 дербес учаскеге бөлініп, жеке тұрғын үй құрылысына берілді. Осы аумақта 10 жылдан астам уақыт ішінде «Жаңа Әлем» тұрғын алабы қалыптасты.

Алайда осы уақыт ішінде бұрынғы жер пайдаланушының аталған жерлерге жеке меншік құқығының болуына байланысты көшелерді абаттандыру және жол инфрақұрылымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілмеген.

Аудан әкімдігінің көшелерді, тротуарларды және сыртқы жарықтандыру жүйесін жайластыру жұмыстарын жүргізуге заңды мүмкіндігі болмады. Бұл тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды.

Бұдан бөлек, қалыптасқан жағдай жедел қызметтердің оқиға орнына уақтылы жетуіне кедергі келтіріп, құқық бұзушылықтардың орын алуына алғышарттар жасады.

Іле ауданының прокуратурасы тұрғындардың мүддесі үшін сотқа жүгінді.

Сот шешімімен меншік иесі ауданы 20 гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне берді. Бұл жергілікті атқарушы органдарға жол желісін салу және абаттандыру жұмыстарын бастауға, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар тұрғын алаптағы 1 500-ден астам тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

02 октября 2026
Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған үш адам сотталды

Райымбек ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұрғын үй сатып алудың заңдылығына талдау жүргізді. Талдау барысында 2019–2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 596 млн теңгеден астам қаражатқа 55 тұрғын үй сатып алуға бағытталған мемлекеттік сатып алулар қамтылды.

Талдау нәтижесінде тұрғын үй құнын негізсіз көтеріп, кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру және схемаға қатысушылар арасында бөлу фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген 101,4 млн теңге мөлшеріндегі залал анықталды.

2026 жылғы 5 тамыздағы сот үкімімен үш адам ҚР ҚК-нің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7–8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды және тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

29 сентября 2026
Алматы облысы прокуратурасының қолдауымен инвестициялық жоба іске қосылды

2026 жылғы 23 қыркүйекте «QazEcoDan» ЖШС-нің астық және майлы дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтауға арналған заманауи кешен болып табылатын инвестициялық жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 40-тан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне өңір әкімі Шыңғыс Арынов және облыс прокуроры Берік Адамов қатысты.

Қадағалау органының басшысы жобаның бастапқы кезеңдерінде прокуратура «QazEcoDan» ЖШС-не мемлекеттен 9 гектар жер учаскесін алуға жәрдем көрсеткенін атап өтті. Әкімдік пен прокуратураның бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бүгінде осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз – кешеннің құрылысы аяқталып, жоба іске асыру кезеңіне шықты.

Ол сондай-ақ ағымдағы жылы прокурорлар 44 инвесторға қатысты 34 мәселені шешкенін атап өтті. Аталған жобаларға салынған инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгені құрап, 12 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Прокурорлардың жәрдемдесуімен жалпы сомасы 42 млрд теңге болатын инвестиция көлемі және шамамен 1 000 жаңа жұмыс орны көзделген 4 жоба сәтті іске қосылды. Олардың қатарында «QazEcoDan» ЖШС-нің жобасы да бар.

Сөз соңында Берік Адамов «QazEcoDan» ЖШС-не жобаның сәтті іске қосылуын, тұрақты жұмыс істеуін және өндіріс көлемін одан әрі кеңейтуді тіледі. Сондай-ақ прокуратура инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде сүйемелдеуді жалғастыратынын жеткізді.

Алматы облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7-708-525-50-81 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

28 сентября 2026
Алатаудағы қоқыс полигоны коммуналдық меншікке қайтарылды

Алатау қаласы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа «ADC TAZA ALEM» ЖШС-мен жасалған аумағы 34 гектар қоқыс полигонын сенімгерлік басқару шартының күшін жою туралы талап қою енгізілді.

Аталған ЖШС-нің іс жүзінде 2025 жылғы 27 қарашадағы сот үкімімен сыбайлас жемқорлық қылмыс және заңсыз кәсіпкерлік жасағаны үшін сотталған Іле ауданының бұрынғы әкімі Б.Қарасаевқа тиесілі болғаны анықталды.

Шарт талаптарына сәйкес басқарушы компания инвестициялар тартуға, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салуға, кірістің бір бөлігін жергілікті бюджетке аударуға және тарату қорын құруға міндеттенген.

Алайда аталған міндеттемелер орындалмаған. Іс жүзінде компанияның қызметі қалдықтарды жинақтап орналастырумен ғана шектелген.

Полигонды тиісінше басқармау елеулі экологиялық салдарға әкеп соққан. 2021–2025 жылдар аралығында полигон аумағында 6 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың ең ауқымдысы 2025 жылғы қыркүйекте орын алып, өрт 30 гектар аумақты шарпыған.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

 

24 сентября 2026
«Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» профилактикалық акциясы

Жамбыл ауданы прокуратурасымен «Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» акциясы аясында тұрақты негізде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.

Алматы-Бишкек республикалық маңызы бар тас жолында жол-көлік оқиғалары жиі орын алатындықтан аудан прокуратурасының үйлестіруімен рейдтік іс шаралар ұйымдастырылып, ауыр жүк көліктеріне аса назар аударылды. Себебі жүк тасымалдау талаптарының сақталмағандығынан жолдың қабаты бұзылып, жол-көлік оқиғаларына әкелетін қауіпті аймақтар пайда болуда.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейд ұйымдастырылды. Рейдтік іс шаралардың нәтижесінде 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

 

#Заң_мен_тәртіп

07 сентября 2026
Алматы облысында бір миллионнан астам ағаш отырғызылуы тиіс еді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  аясында облыстың Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу кезінде заңнама талаптарының орындалуына талдау жүргізді. Талдау жасыл желектерді кесуге рұқсат беру кезінде көзделген 1 миллионнан астам көшетті отырғызу міндеттемелерінің толық көлемде орындалмағанын көрсетті.

Соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мың ағаштан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берді. Неғұрлым ауыр бұзушылықтар Еңбекшіқазақ ауданында анықталды, онда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілді, бұл ретте өтемдік отырғызу толық орындалмады.

Талдау қорытындысымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралардан кейін қазірдің өзінде 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, облыстың жасыл қорын толық түгендеу және көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мәселелерін пысықтау бастамашылық жасалды. Бұл мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.

 

04 сентября 2026
Жеке инвестициялар – сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталуда

2026 жылғы 3 қыркүйекте Бас прокуратура Қызметінің бастығы Мұрат Ахметов Республикадағы алғашқы модульдік кешеннің салтанатты ашылуын откізді.

Мемлекет басшысы және Бас Прокурордың тапсырмасын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – №10 мекемесі әйелдер колониясы сотталғандарының туыстарымен ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге қолайлы жағдай жасау болды.   

Жүргізілген жұмыс барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды:

          - инфрақұрылымның ескіруі, кездесулер өткізуге арналған 8 бөлмеден тұратын ғимарат 1972 жылы салынған;

          -  кездесулер өткізу орындарының төмен өткізу қабілеті – айына 64 сотталғанға дейін ғана;

          - кездесулерді журнал арқылы жүргізу, кездесулер беру кезектілігін айқындау рәсімінің ашық еместігі, шамадан тыс жүктеме сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап, шағымдардың көбеюіне әсер етуде.

Қабылданған шаралар мен ұйымдастырушылық шешімдер:

          - жеке инвестор – «Bromart» ЖШС тартылып, модульдік ғимарат салу туралы Меморандум жасалды, сондай-ақ ескі кездесулер бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жүктелді;

          - инвестор заманауи жиһазбен, санитариялық тораптармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 16 бөлмелі ғимараттың құрылысын аяқтады, сондай-ақ онда жеке балалар бөлмесі мен ас үй аймағы қарастырылған;

          - кездесулерге өтініштерді терминалдар арқылы беру, кездесулер кезегін электрондық түрде жүргізу есепке алу процестерін автоматтандыруға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оң әсері және қол жеткізілген нәтижелер:

          - ғимараттың құрылысы мен кездесулер өткізу орындарын жабдықтау жеке инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды, кейінгі пайдалану шығындары да инвесторға жүктелді;

          -  ұзақ мерзімді кездесулерге арналған бөлмелер саны 8-ден 24-ке дейін ұлғайтылды;

          - мекемедегі моральдық-психологиялық ахуал жақсарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылуда;

          - мемлекеттік бюджеттен шығындар қарастырылмаған, қабылданған ұйымдастырушылық шешімдер «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде іске асыруға ықпал етуде.

04 сентября 2026
Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті және Алматы облысының прокуратурасы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар инвесторлардың мәселелеріне жедел ден қою тетіктерін жетілдіруді, әкімшілік кедергілердің алдын алуды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді көздейді.

Бұл бағыттың маңыздылығы Alatau City-дің инвестициялық жоспарларының ауқымымен айқындалады. Қазір қаладағы инвестициялық пул 67 жобадан тұрады. Олардың жалпы көлемі шамамен 6,9 млрд АҚШ долларын құрайды және 55 мыңға жуық жұмыс орнын құру әлеуеті бар.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвестициялық жоспардың мұндай ауқымында инвесторлардың сенімі мен олардың құқығын қорғаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Ауқымды инвестициялық көрсеткіштердің артында нақты инвесторлар, олардың капиталы және Қазақстанға деген сенімі тұр. Сондықтан біздің міндетіміз – туындаған мәселелерге жауап беріп қана қоймай, оларды жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңдерінде алдын ала болдырмау. Бүгінгі Меморандум Alatau City Authority мен прокуратура органдарының мүмкіндіктерін біріктіріп, бизнестің мәселелерін жедел шешуге және инвесторларды жобалар іске асырылатын жерде тікелей қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Бауыржан Ералы.

Іс-шара барысында Комитет төрағасы комитет жұмысының негізгі бағыттары мен инвесторлардың құқығын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін, оның ішінде инвестициялық жобалардың цифрлық мониторингі, дербес прокурор институты, прокурорлық сүзгі және дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін таныстырды.

Айта кетейік, бүгінде Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті республика бойынша 3,4 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеп, инвесторлардың құқығын қорғауды және туындайтын әкімшілік кедергілерді жоюға жәрдемдеседі.

«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру кезеңінде капитал тартумен қатар, инвесторлардың одан әрі қызметі үшін болжамды жағдайлар қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру экономикалық әлеуеттің болуымен ғана емес, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың нақты әрі ашық тетіктерінің болуымен де байланысты. Біздің міндетіміз – инвестициялық жобаларды жүйелі сүйемелдеуді, туындайтын мәселелерді уақтылы қарауды және әкімшілік кедергілерді азайтуды қамтамасыз ету. Қол қойылған Меморандум Alatau City Authority мен прокуратура органдарының өзара іс-қимылын күшейтіп, инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қосымша тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Меморандумға қол қою Алатау қаласында тиімді инвестициялық экожүйені қалыптастыру және инвестиция тартуға, жобаларды сүйемелдеуге әрі инвесторлардың құқығын қорғауға жауапты институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы кезекті қадам болды.

01 сентября 2026
Заң - сенің бағдарың!

«Саналы Ұрпақ» жобасын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі 41 колледждің барлығында профилактикалық түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Қабылдау науқаны кезеңінде 3 мыңнан астам талапкер мен олардың ата-аналары қамтылды.

Кездесулер барысында заң талаптарын сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен түрлері түсіндірілді.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға, сондай-ақ түрлі жағдайларда әрекет етудің құқықтық алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Жобаның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген жауапты көзқарасты қалыптастыру және маңызды ұстанымды жеткізу: заң – дұрыс таңдау жасауға бағыт беретін негізгі бағдар.

#Заң_мен_тәртіп

 

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы