GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
Ақтөбеде мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді

Ақтөбе қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында мемлекеттік мүдделерге зиян келтірген бұзушылықтарды анықтады.

Анықталғандай, тапсырыс берушілер қалалық инфрақұрылымдық жобалар бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған жосықсыз мердігерлерден шарттарды қамтамасыз ету сомасын және аванстық төлемдерді өндіру жөнінде шаралар қабылдамаған.

Сонымен қатар, лизингтік компаниямен қаланы абаттандыру үшін арнайы техника сатып алуға арналған шартты орындау шеңберінде 556 миллион теңгеден астам сомаға бюджеттік қаражатты артық төлеуге жол беріліп, кейін ол толығымен бюджетке қайтарылды.

Нәтижелері бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам өндірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында облыс прокуратурасы бюджетке 10,1 млрд теңге өндіріп алуды қамтамасыз етті.

21 октября 2026
Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін заңсыз беру және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмау фактілерін анықтады.

Жер учаскелерінің белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде міндетті конкурстық рәсімдер өткізілмей берілгені анықталды.

Сонымен қатар, жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

12 октября 2026
Ақтөбеде кәсіпорын басшысы қауіпті мұнай қалдықтарын заңсыз қайта өңдегені үшін сотталды

Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасымен «ЖАН-АМИ и К» ЖШС-нің заңсыз қызметінің жолы кесілді.

Тексеру барысында кәсіпорынның 2024–2025 жылдары тиісті мемлекеттік лицензиясыз 1 400 тоннадан астам қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асырғаны анықталды.

Заңсыз қызмет нәтижесінде серіктестік 393 млн теңге көлемінде табыс алған.

Прокуратура материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, оны Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді.

Ағымдағы жылғы 17 тамызда Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен ЖШС директоры Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде сотталған адам негізгі жазадан босатылды. Бұл ретте 393 млн теңге заңсыз алынған табысы мемлекет кірісіне өндірілді.

Сот үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.

12 октября 2026
Ақтөбе облысында жер телімдері мақсатына сай пайдаланылмаған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін анықтады.  

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 36 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 42 млн теңгеден асатын жер телімдері қайтарылды.  

Қайтарылған жер телімдері ауданның арнайы жер қорына енгізіліп, азаматтарға ауыл шаруашылығы алқаптары үшін берілді.

26 сентября 2026
«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу

«Айқын нәтиже» жобасы аясында №8 мекемесінің ҚАЖД ғимаратында сотталғандармен профилактикалық интервью жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қайталама қылмыстардың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.

Профилактикалық сұхбат барысында сотталғандардың жасаған құқық бұзушылықтарының салдары, заң талаптарын сақтау және алдағы өмірін дұрыс бағытта құру мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулердің тәрбиелік және профилактиқалық мәні зор. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастарға құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру, заңды құрметтеуге және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағыт беру – маңызды міндеттердің бірі.

17 сентября 2026
Ақтөбеде субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді жұмсалу заңдылығын тексеру барысында аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады.

Анықталғандай, «Томирис-2019», «Мартук-2030» және «Тенге-2030» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның  салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде 91 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Құсмағамбетова сотқа берілді.

Мәртөк аудандық сотының үкімімен Д.Құсмағамбетова кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған адамның кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.

04 сентября 2026
Ақтөбеде прокурорлар бір отбасының мүліктік құқықтарын қорғады

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жүргізген жұмыстар нәтижесінде мүгедектігі бар ана мен оның үш кәмелетке толмаған баласының пайдасына 25 млн теңге өндірілді.

2021 жылы балалардың әкесі өндірістік жарақат салдарынан қайтыс болған. Жұмыс беруші отбасыға келтірілген зиянды өтеу ретінде 25 млн теңге төлеген.

Алайда аталған қаражатты балалардың әжесі алып, жеке мақсаттарына жұмсаған.

Осыған байланысты прокуратура отбасының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап арызбен жүгінді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 25 мамырдағы шешімімен прокурордың талап арызы қанағаттандырылып, жауапкерден 25 млн теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Отбасының бұзылған мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

 

 

04 сентября 2026
Ақтөбеде пенитенциарлық жүйе мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмаларын орындау шеңберінде сотталғандарды еңбекпен қамтуға бизнестің қатысуын кеңейту бағытында облыста жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы жұмыстардың нақты нәтижесі ретінде, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен өңірдегі ірі құс фабрикаларының бірі – «RAMAZAN QUS» ЖШС арасында келісімге қол жеткізілді.

Келісімге сәйкес, облыстық ҚАЖД-ға қарасты №9 мекемеде (ең төменгі қауіпсіздік мекемесі) жазасын өтеп жатқан 50 сотталған адам фабрика аумағында тұрақты тұру мүмкіндігімен еңбекке орналастырылды.

Кәсіпорын пайдаланылмай тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, оны жатақхана ретінде қайта жабдықтады. Мұнда жатын бөлмелер, ас үй, кір жуатын орын, душ бөлмелері және басқа да қажетті жағдайлар қарастырылған.

2026 жылғы 2 қыркүйекте құс фабрикасындағы осы тұрғын үй-жайды ашу рәсіміне ҚР Бас прокуратурасының Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Мұрат Ахметов және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев қатысты.

Аталған нысанның ашылуы – тек жаңа тұрғын үй-жайдың іске қосылуы ғана емес, сотталғандардың еңбекке араласуына, әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға қайта қосылуына бағытталған нақты қадам.

Сол күні Ақтөбе облысының прокуратурасында облыстың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылықпен күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе облысының қылмыстық атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйі, проблемалар мен шешу жолдары қаралды.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қызметінің бастығы Мұрат Ахметов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев қатысып, қаралған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, тиісті бағыт-бағдар берді.

Отырыста Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасарының және Ақтөбе облыстық ҚАЖД-нің бастығының баяндамалары тыңдалып, жаза өтеу мекемелеріндегі жедел-режимдік ахуалдың жай-күйі, сондай-ақ пробация және әкімшілік қадағалау есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіру мәселелері қаралды.

Негізгі назар мекемелердегі режим мен қадағалауды тиісінше қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сотталғандар мен есепте тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға, сондай-ақ олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

Одан әрі, Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішевтің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесінде анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою мақсатында «Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жедел-режимдік жағдайды және заңдылықтың жай-күйін жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, Кеңес қорытындысымен бекітілді.

Оларды орындау облыстық ҚАЖ департаментіне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ облыс прокуратурасына, қала және аудан прокурорларына жүктелді.

04 сентября 2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — МЕКТЕПТІҢ БІРІНШІ ҚОҢЫРАУЫНАН БАСТАЛДЫ

Ақтөбе облысында Білім күні өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру бағытында прокуратура мен білім беру жүйесінің бірлескен жұмысының басталуына ұласты.

1 қыркүйекте облыс прокуратурасының қызметкерлері білім басқармасының мамандарымен бірге салтанатты жиындар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына қатысты. Ақтөбе қаласы мен аудандардың мектептерінде 20 мыңнан астам оқушы, педагог және ата-ана қамтылды.

Бастама «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылды. Оның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық нормаларды құрметтеуін, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін қалыптастыру және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын нығайту.

Прокурорлар оқушыларға, педагогтер мен ата-аналарға жаңа Конституцияда бекітілген құқықтық тәртіп пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» құндылықтарына ерекше назар аударылды.

Бас Прокурордың тапсырмаларына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде буллинг пен бұзақылықтың алдын алуға басымдық берілді.

Спикерлер әр адамның мінез-құлық мәдениеті – елдің жалпы мәдениеті мен имиджінің бір бөлігі екенін атап өтті.

Адамдарға және Отанға деген құрмет күнделікті қарапайым әрекеттерден көрінеді. Бұл – айналамыздағы адамдарға, қоғамдық мүлікке және қоршаған ортаға ұқыпты қарау, сондай-ақ жанжалдарды сабырлы түрде шеше білу.

Жаңа оқу жылында білім беру үдерісіне «Құқық негіздері», «Конституция негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстары енгізілді. Оларды, оның ішінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жүргізетін болады.

Прокуратура мен білім беру жүйесінің бірлескен жұмысы бүкіл оқу жылы бойы жалғасады.

Заң мен тәртіп өмірдің табиғи нормасына айналатын ұрпақты тек мемлекет, мектеп және отбасының бірлескен күш-жігері арқылы тәрбиелеуге болады.

18 августа 2026
ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

2026 жылғы 30 шілдеде Ақтөбе қаласының прокуратурасы қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың кезекті фактісінің алдын алды.

Бұған дейін, шілде айының басында азаматша Ж. Мамедоваға алаяқтар қоңырау шалып, алдау жолымен оның ақшасын иемденуге әрекет жасаған.

Прокуратура қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуінің арқасында алаяқтық әрекеттің жолы кесілді.

Алайда 30 шілдеде Мамедовамен қайта профилактикалық жұмыс жүргізу барысында алаяқтардың оны WhatsApp арқылы қайтадан мазалап, түрлі сыйлықтар уәде етіп, байланыс орнатуға тырысқаны анықталды.

Прокуратура қызметкерлері аталған фактіні дер кезінде анықтап, алаяқтар пайдаланған нөмірлерді бұғаттау бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Сақ болыңыз! Бейтаныс адамдардың сыйлық немесе ақша ұсынуына бірден сенбеңіз. Жеке деректеріңізді, банк картасының реквизиттерін және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз.

 
Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы