Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуын, ЖРБ, КЖД, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Қылмыстық қудалау және ЖРБ сапасын талдау;
Қылмыстық қудалауды, ЖІҚ және КДБ жүзеге асыру кезінде дұрыс бірыңғай практиканы қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған шараларды әзірлеу;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Үйлестіру кеңесінің Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі алқа отырыстарына, жедел және аппараттық кеңестерге материалдар дайындау;
Төмен тұрған прокуратуралардың қылмыстық қудалау заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру;
Өз құзыреті шегінде норма шығармашылық қызметке қатысу.