Мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау
Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларда, атқарушылық іс жүргізуде, азаматтық және әкімшілік істер бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларда, атқарушылық іс жүргізуде, азаматтық және әкімшілік істер бойынша заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
құзыретті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізудегі, азаматтық және әкімшілік істердегі Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіру;
мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысу.