Қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану кезінде адамның әділ сот талқылауына, ізгілікті қарауға және қадір-қасиетін құрметтеуге құқықтарын қорғау;
сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру басымдығымен бірыңғай сот практикасын және сараланған қылмыстық саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау;
қылмыстық жазаларды орындаудың және тергеу изоляторлары мен гауптвахталарда адамдарды күзетпен ұстаудың заңдылығын қадағалау;
қылмыстық істер бойынша сот практикасын талдау және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдылықтың жай-күйі;
төмен тұрған прокуратуралардың мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша апелляциялық сатыдағы соттарға қатысу жөніндегі жұмысын талдау және үйлестіру;
қылмыстық саясат, қылмыстық сот ісін жүргізу және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
төмен тұрған прокуратураларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және жергілікті жерлерге Жолдау, ғылыми және білім беру қызметіне қатысу.