Облыстық прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы
ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 126 бұйрығы
.
"Прокуратура туралы" Заңның 37 бабының 4) және 9) тармақшаларына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының прокуратурасы
туралы ереже;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласының прокуратурасы
туралы ереже;
2-1) Осы бұйрықтың 2-1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының прокуратурасы
туралы ереже;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының прокуратурасы
туралы ереже;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының прокуратурасы
туралы ереже;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Алматы облысының прокуратурасы
туралы ереже;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Атырау облысының прокуратурасы
туралы ереже;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының
прокуратурасы туралы ереже;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы
туралы ереже;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының прокуратурасы
туралы ереже;
10) Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының прокуратурасы
туралы ереже;
11) Осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының
прокуратурасы туралы ереже;
12) Осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының прокуратурасы
туралы ереже;
13) Осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес Түркістан облысының прокуратурасы
туралы ереже;
14) Осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес Павлодар облысының прокуратурасы
туралы ереже;
15) Осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының
прокуратурасы туралы ереже;
16) Осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының
прокуратурасы туралы ереже;
17) Осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес Бас әскери прокуратурасы туралы
ереже;
18) Осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес Бас көлік прокуратурасы туралы ереже
.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 17.08.2018 № 102
бұйрығымен.
2. Осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының кейбір құқықтық актілерінің күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты заңнамада белгіленген
тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс
тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық
бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік
кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар заңнамада
белгіленген тәртіпте:
1) бір айлық мерзімде өз актілерін осы бұйрыққа сәйкес келтіруді;
2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шаралары қабылдауды
қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының Аппаратына жүктелсін.
6. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының,
ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi
мен жұмыскерлері таныстырылсын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 126 бұйрығына
4-қосымша
Ақтөбе облысының прокуратурасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Ақтөбе облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының аумақтық органы болып табылады, мемлекет атынан заңдылықтың
сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге
асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады.
2. Ақтөбе облысы прокуратурасының төмен тұрған прокуратуралары бар.
3. Ақтөбе облысының прокуратурасы өз қызметін Конституцияға, халықаралық
шарттар мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де құқықтық актілерге сәйкес
жүзеге асырады.
4. Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері және өз атауы
бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан
түседі.
6. Ақтөбе облысының прокуратурасы, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік
берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға
құқылы.
7. Ақтөбе облысының прокуратурасы өз құзыретінің мәселелері бойынша
заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтөбе облысы прокурорының бұйрығымен және
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін
шешімдер қабылдайды.
8. Ақтөбе облысы прокуратурасының құрылымы мен штат санының лимиті
қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Ақтөбе облысы прокуратурасының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Өтеген Сеитов көшесі, 6.
10. Ақтөбе облысы прокуратурасының толық атауы – "Ақтөбе облысының
прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Ақтөбе облысы прокуратурасының құрылтай құжаты болып
табылады.
12. Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметін қаржыландыру республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Ақтөбе облысының прокуратурасына кәсіпкерлік субъектілерімен Ақтөбе
облысы прокуратурасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Ақтөбе облысы прокуратурасының негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Ақтөбе облысы прокуратурасының негізгі міндеттері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың,
қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ
олардың зардабын анықтау және жою;
3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты,
құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін
үйлестіру;
4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге
де міндеттер.
15. Ақтөбе облысы прокуратурасының негізгі функциялары:
1) заңда белгіленген шекте және тәртіппен:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына
қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен
шешімдердің;
атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
бойынша іс жүргізудің;
құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың: сотқа дейінгі
тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі; қылмыстық жазаларды
орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану; Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің;
заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды
жүзеге асырады;
2) қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңнамада көзделген негіздерде және тәртіппен сотта мемлекет
мүдделерін білдіреді;
3) мемлекет атынан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес
қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
4) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты,
құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін осы
органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске
асыру кезінде олардың келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында үйлестіреді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
16. Ақтөбе облысы прокуратурасының негізгі құқықтары мен міндеттері.
Ақтөбе облысының прокуратурасы:
1) қылмыстық-процестік заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен әрекеттерді
жүзеге асыруға және процестік шешімдер қабылдауға;
2) заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жедел-іздестіру қызметінің
материалдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етуге, басшылардан
және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйі және оны қамтамасыз ету
бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті құжаттарды, материалдарды,
статистикалық ақпаратты және өзге де мәліметтерді алуға;
3) заңда көзделген негіздерде және тәртіппен сот отырысына қатысуға және іс
бойынша қорытынды беруге, соттан сот істерін сұратуға, сот актілерін қайта қарау
туралы өтінішхат келтіруге;
4) заңда көзделген тәртіппен тексерістер жүргізуге, оларға қатысу және
қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға, сондай-ақ қауіпсіздікті және қадағалау
қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін
тексеруді жүзеге асыруға тартуға;
5) сараптамалар тағайындауға, прокуратураға келіп түскен материалдар, өтініштер
бойынша уәкілетті органдардан тексерістер жүргізуді талап етуге және олардың
нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;
6) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың
ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарда
қамтылған мәліметтерге заңнамада белгіленген негіздерде және тәртіппен қол
жеткізуге;
7) жүргізілетін тексеріс және қаралатын өтініш мәселелері бойынша лауазымды
адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктемелер алуға
шақыртуға;
8) негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен лауазымды адамдар салған
тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жоюды, заңсыз актінің
қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге;
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен әкімшілік
құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және тоқтатуға;
10) тексерістер жүргізумен байланысты құжаттар мен материалдарға заңнамада
белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
11) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысуға;
12) басқа мемлекеттердің мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық жасауға;
13) заңдылықты және құқық тәртібін, қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету
мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық
жүйелерді құруға және жетілдіруге қатысуға;
14) заңда көзделген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
Ақтөбе облысының прокуратурасы:
1) өз құзыретіне сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,
қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараумен байланысты құжаттар мен
материалдарды заңнамада көзделген шекте оларға танысуға ұсынуға;
3) заңдылықты бұзушылықтардың, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың
алдын алу және анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін заңда
белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою актілерін және прокурорлық қадағалау
актілерін қабылдауға;
4) тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін
әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілердің қабылдануына жол бермеуге;
5) тексеріс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын, мемлекеттік
құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама талаптарының
сақталуын қамтамасыз етуге;
6) заңсыз ұстап алынған және бас бостандығынан айыру орындарында, арнайы
мекемелерде, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелерде, қызметтік
үй-жайларда заңсыз ұсталатын адамдарды дереу босатуға;
7) өзінің қызметін халықтың сенімін арттыру басымдығымен жетілдіруге;
8) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
3. Ақтөбе облысы прокуратурасының
қызметін ұйымдастыру
17. Ақтөбе облысы прокуратурасын басқаруды Ақтөбе облысының прокуроры
жүзеге асырады, ол Ақтөбе облысының прокуратурасына жүктелген міндеттерді
орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Ақтөбе облысы прокурорының орынбасарлары бар.
18. Ақтөбе облысының прокурорын және оның орынбасарларын Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры қызметке тағайындайды және босатады.
19. Ақтөбе облысы прокурорының негізгі өкілеттілігі:
1) Ақтөбе облысы прокуратурасының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне
және төмен тұрған прокуратураларға басшылық жасайды;
2) Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті
қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесін басқарады;
3) Ақтөбе облысының прокуратурасы атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара
қарым-қатынастарда Ақтөбе облысының прокуратурасы атынан өкілдік етеді;
5) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар,
өкiмдер шығарады;
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер
қабылдайды.
Ақтөбе облысының прокуроры болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Ақтөбе
облысының прокурорымен тағайындалатын орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
20. Ақтөбе облысының прокуроры өз орынбасарларының өкілеттіктерін
қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Ақтөбе облысы прокуратурасының мүлкі
21. Ақтөбе облысының прокуратурасы заңнамада көзделген жағдайларда жедел
басқару құқығында оқшауланған мүлікті иелене алады.
Ақтөбе облысы прокуратурасының мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз
қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптастырылады.
22. Ақтөбе облысының прокуратурасына бекітілген мүлік республикалық меншікке
жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ақтөбе облысының прокуратурасы өзіне
бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат
есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей
тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Ақтөбе облысының прокуратурасын
қайта ұйымдастыру және тарату
24. Ақтөбе облысының прокуратурасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.