Сотта мемлекет мүддесін өкілдік ету

- Қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану кезінде адамның әділ сот талқылауына, ізгілікті қарауға және қадір-қасиетін құрметтеуге құқықтарын қорғау;
- сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру басымдығымен бірыңғай сот практикасын және сараланған қылмыстық саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
- заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
- қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау;
- қылмыстық жазаларды орындаудың және тергеу изоляторлары мен гауптвахталарда адамдарды күзетпен ұстаудың заңдылығын қадағалау;
- қылмыстық істер бойынша сот практикасын талдау және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдылықтың жай-күйі;
- төмен тұрған прокуратуралардың мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша апелляциялық сатыдағы соттарға қатысу жөніндегі жұмысын талдау және үйлестіру;
- қылмыстық саясат, қылмыстық сот ісін жүргізу және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
- төмен тұрған прокуратураларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және жергілікті жерлерге Жолдау, ғылыми және білім беру қызметіне қатысу.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы