
Ерейментау ауданының прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ақы есептеудің заңдылығына талдау жүргізу барысында ауданның 3 013 тұрғынына негізсіз ақы есептеу деректерін анықтады.
«Repoint» ЖШС Kaspi.kz қосымшасы арқылы Ерейментау қаласының жеке үйлерде тұратын, қоқыс контейнерлері жоқ және ҚТҚ-ны өз бетінше шығаратын тұрғындарына ҚТҚ шығару үшін негізсіз шоттар ұсынғаны анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 1,1 млн. теңге сомасындағы негізсіз есептеулер алынып тасталды, 60 251 теңге сомасындағы ақшалай қаражат қайтарылды, осылайша Ерейментау қаласының 3 013 тұрғынының құқығы қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінде Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырының салтанатты іске қосу рәсімі өтті.
Жобаны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен мемлекетке қайтарылған активтерден құрылған арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылғанын аудан прокуроры Алмас Жақсыбеков атап өтті.
Бұған дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған үш ауылдың 1141 тұрғындары үшін бұл - көптен күткен қуанышты оқиға. Тұрғындардың үйлеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді.
Жобаның жүзеге асырылуы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.
Ақмола облысының прокуратурасы
Жақсы ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Кәсіпкерлік кодексі мен халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны анықталды.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері аудан аумағындағы «AGRO WESTERFIELD» ЖШС-нің астық қоймасын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды деген негізбен Қытай Халық Республикасының 9 азаматын әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Алайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге қатысты тексеру тіркелмеген, яғни заңнамамен айқындалған талаптар тиісінше сақталмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған қызметкерлерге қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Прокуратура тексеру іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлерді негізсіз жауаптылыққа тартуға жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қосшы қаласының прокуратурасы қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шараларын өткізді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайту.
Кездесулер барысында оқушыларға жасөспірімдер қылмысының, буллингтің, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің және есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы, қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық кеңестер алды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Целиноград ауданының прокуратурасы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге заңнамада көзделген жалақыға үстемеақылар төленбегені анықталды.
Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге тиісті үстемеақылар белгіленіп, 2,1 млн теңге төленді.
Осылайша, 107 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.
Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Сандықтау ауданының прокуратурасы Балқашино ауылындағы № 1 мектептің оқушыларымен «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауаптылығы, сондай-ақ буллингтің, нашақорлықтың және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақмола облысының прокуратурасы
2026 жылғы 1 қарашадан бастап Зеренді ауданының тұрғындары мен ұйымдары үшін жылу энергиясы мен су тарифтері төмендетілді.
Талдау барысында «Зеренда Сервис» ШЖҚ МКК табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұза отырып, тарифтік сметада негізсіз жоғарылатылған шығыстарды көздегені анықталды.
Зеренді ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде Гранитный кентінде тұтынушылар үшін жылу энергиясының орташа босату тарифі 1 Гкал үшін 4 014,60 теңгеден 1 121,22 теңгеге дейін, яғни 72,07%-ға төмендетілді.
Зеренді ауылында жылу энергиясының орташа босату тарифі 1 Гкал үшін 7 915,48 теңгеден 6 326,64 теңгеге дейін, яғни 20,07%-ға төмендеді.
Сумен жабдықтау қызметі бойынша тариф 1 м³ үшін 254,97 теңгеден 234,00 теңгеге дейін, яғни 8,22%-ға төмендетілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 70 кәсіпкерлік субъектісін қоса алғанда, 2 903 тұтынушының құқықтары қорғалды.
Анықталған бұзушылықтар үшін «Зеренда Сервис» ШЖҚ МКК әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақмола облысында қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі болған мәселе шешілді.
Жобаның құны 385 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру аясында шамамен 800 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Жобаны дайындау барысында тазартылған ағынды суларды ағызуға қатысты техникалық шешімдерді келісу мәселелері туындаған. Оларды шешу үшін инвесторға бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қажет болды.
Ақмола облысының прокуратурасының жәрдемдесуімен қажетті техникалық шешімдер келісілді.
Осылайша, инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуына әсер етуі мүмкін әкімшілік кедергі жойылды.
Ақмола облысының прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырып, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілерді жедел жоюға ерекше көңіл бөледі.
Ақмола облысының прокуратурасы
Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан 2 мемлекеттік қызметші анықталды. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Мемлекеттік қызметшілер мынаны есте ұстауы тиіс: мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажет.
Әрбір осындай фактіге принципті құқықтық баға берілетін болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Қосшы қаласының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында қалалық Білім бөлімімен бірлесіп, қала мектептері арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» атты жайдарман сайысын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қоғамдық тәртіпті сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптарында әзіл-сықақ көріністерін көрсетіп, тәрбиелік мәні бар ой-пікірлерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар және алғысхаттар табысталды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы