
Сотталғандарды қамауда ұстаудың құқықтары мен шарттарының сақталуын бақылау мақсатында Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары С.К. Ілиясов Аршалы кентінің №2 мекемесінде Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы Д.Б.Рахымбековпен бірге мекеменің тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік нысандарын аралау жүргізілді. Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталуы зерттелді.
Сонымен қатар, сапар барысында сотталғандар жеке мәселелері бойынша қабылданды. Прокуратура қызметкерлері азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияны құру кезінде оның сақталуына ерекше назар аударылды.
Ақмола облысының прокуратурасы