
2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы қолданысқа енгеннен бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жатады. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» күші жойылған Заңның 12 бабының 1 тармағының 3 тармақшасын (жалған мемлекеттік сектор кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларына қатысты, бөлігінде) және 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасын қоспағанда 12 және 13 баптарымен көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарсанатына ауыстырылған (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының 50 бабы).Бұл ретте, аталған тәртіптік құқық бұзушылық атауларының өзгеруіне қарамастан (бұрын – сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықтар, қазір – мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар), әрекеттердің (құқық бұзушылықтардың) өздері өзгеріссіз қалды және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ескі Заңда да, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңда да көрсетілген. Мысалға, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң бойыншашешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болса, жаңа Заң бойынша дәл осы құқық бұзушылықмемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық болып есептеледі.
Заңда, жалпы осы немесе басқа құқық бұзушылық жасаудың салдары өзгеріссіз қалғанын, ал кейбір жағдайда тіпті жеңілдетілгенін атап өту қажет. Осылай, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң бойыншашешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткен үшін лауазымынан босату немесе мемлекеттік қызметті орындауды тоқтату түріндежаза қолданса, онда Заң осы құқық бұзушылық үшін жұмыстан шығарумен қатар қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануды көздейді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардымемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар тізіміне ауыстыру, осындай тәртіптік теріс қылықты жасаған мемлекеттік қызметшіні көзделген жауапкершіліктен және басқа да құқықтық салдардан босатпайды. Дәл осы «Мемлекеттік қызмет туралы» ескі Заңда бұрын көзделген және жаңа Заңға ауыстырылған басқа да тәртіптік теріс қылықтарға да қатысты. Мұндай мән-жайда, 2015 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және басқа да тәртіптік теріс қылықтарды жасаған мемлекеттік қызметшілер жаңа Заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға жатады.
Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін сыбайлас жемқорлық тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар болып табылады және оларға Заңның 16 бабының 3 тармағының 6 тармақшасымен көзделген мемлекеттік қызметкекiругешектеулер таралатын болады(мемлекеттiк қызметке мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді).
Жақсы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Айгүл Амралина