Құны 385 млрд теңгелік жоба: Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға кедергіні жойды

Құны 385 млрд теңгелік жоба: Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға кедергіні жойды

Ақмола облысында қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі болған мәселе шешілді.

Жобаның құны 385 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру аясында шамамен 800 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жобаны дайындау барысында тазартылған ағынды суларды ағызуға қатысты техникалық шешімдерді келісу мәселелері туындаған. Оларды шешу үшін инвесторға бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қажет болды.

Ақмола облысының прокуратурасының жәрдемдесуімен қажетті техникалық шешімдер келісілді.

Осылайша, инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуына әсер етуі мүмкін әкімшілік кедергі жойылды.

Ақмола облысының прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырып, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілерді жедел жоюға ерекше көңіл бөледі.

Ақмола облысының прокуратурасы