Ақмола облысының прокуратурасы мемлекеттік мекемесі (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі 45, кабинет 204, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)25-05-93, электрондық мекен-жайы: 7030803@prokuror.gov.kz (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226837 теңгеден 260564 тенгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Кассалық операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді, ақшалай қаражаттардың сақталуын, төлемге есептерді, сұраныстарды және ақша аудару бойынша басқа да құжаттарды рәсімдейді, олардың қазынашылық органдарда тіркелуін қамтамасыз етеді; Есепте тұрған тұлғалардың іссапарлары және басқа да қаржы түрлері бойынша аванстық есептерді тексеруді және дайындауды жүзеге асырады; Мемлекеттік мекемені ұстауға бюджеттік қаржылар бойынша шығындардың есебін жүзеге асырады және қаржыландырудың бекітілген жоспарының аясында басқа да шаралар бойынша бақылау жүзеге асырады; Қызметкерлерге жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы және басқа да төлемдер төлейді, жалақыны төлеу бойынша жеке шот рәсімдейді, жалақы төлеу бойынша есеп айырысуға байланысты, есептер бойынша талдаулық есеп жүргізеді, штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді;
Штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді; Салықтар бойынша және басқа да міндетті төлемдер бойынша декларациялар құрайды, статистикалық есептерді және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, дебиторлық және кредиторлық берешектерді және басқа да есептілік түрлерін ұсынуды қамтамасыз етеді; Мердігерлермен есептесуді жүргізуді жүзеге асырады, салыстырмалы тексеру актілерін құрайды;
Мекемеге тиесілі активтердің болуын және қозғалысының есебін қамтамасыз етеді, қорлар және барлық шығындардың бекітілген нормаларын сақтаумен барлық қорларды қолдану және қозғалысына бақылау және есеп жүргізеді, активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, қатаң есептік бланктерді, есептеулерді және басқа да қорларды түгендеуге қатысады, түгендеудің уақытылы және дұрыс рәсімделуін және олардың есепте толтырылуын жүзеге асырады; Алғашқы құжаттардың, тіркеу есептерін, бухгалтерлік есептердің, сонымен қатар есеп жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді; Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды; Жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілікке ие. В блогы, 4 грейд.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес,басқарма және құқық аясында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит)
Үлгілік біліктілік талаптарға және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс өтілі: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының 2017 жылдың 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік мекеме «Ақмола облысының прокуратурасы» келесі мекенжай бойынша Қөкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 45 ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу |
|
|
Нысан |
|
|
_____________________________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені, _____________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мекен жайы: _____________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________
e-maіl: ___________________________________________________________
ЖСН: ___________________________________________________________
______________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))