Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды. Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді. Ең төменгі жалақы – 194 490 теңге.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекен-жайлары төменде көрсетілген) 2025 жылғы 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін жүргізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін кандидаттар:
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;
2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру: - белгіленген үлгідегі өтініш; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; - білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесе 2 тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары); - жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян; - кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш; - әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет. Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
2) құқық қорғау қызметіне кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3) құқық қорғау қызметіне кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
4) қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36- бабының негізінде босатылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылғандар.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды: 1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;
2) орталық аппаратта не құқық қорғау органының аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;
3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;
4) полиграфологиялық зерттеуден өту;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) емтихан тапсыру. Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі. Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі: 1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; 2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексі; 3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; 4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі; 5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі; 6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.
Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді. Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі: 6 ай құрайды (Академияда 5 ай оқу +1 айға дейін тағылымдама). Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі. Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен/біліктілік сыныбы беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады. Кандидаттар құқық қорғау қызметіне кіру кезінде құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.
Құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер: Қызметкер: 1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;
2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдықтехникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;
6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ісәрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;
8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;
9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.
Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық куәландырылуы тиіс. Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер: 1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; 2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу; 3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау. Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және 5 экономикалық тергеу қызметіне кіретін тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу қағидаларын және оны өткеру шарттарын бекіту, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.
Академияның анықтама телефондары: 8-71651-68-046, 8-778-672-66-24 Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу.
Емтихан сұрақтары Академияның сайтында орналасқан.
Іріктеуге құжаттар қабылдайтын құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:
Прокуратура органдары:
№ Мекеме атауы Байланыс телефоны Почта мекен-жайы
1. Астана қ. прокуратурасы 8 (7172) 71- 21- 12
8 (7172) 71- 24- 07
8 (7172) 71- 24- 16
п/и 010000
Астана қ.
Қабанбай батыр
даңғылы, 31
2. Алматы қ. прокуратурасы 8(7272) 265-04-41 п/и 050000
Алматы қ.
Желтоқсан
көшесі,189
3. Шымкент қ.
прокуратурасы
8 (7252) 53-42-47 п/и 160000
Шымкент қ.
Тәуке хан
даңғылы, 97
4. Алматы облысы
прокуратурасы
8 (72772) 4-17-01 п/и 040800
Қонаев қ.,
Абай көш., 6
5. Ақмола облысы
прокуратурасы
8 (7162) 25-05-93 п/и 020000
Көкшетау қ.
Біржан Сал көшесі,
45
6. Ақтөбе облысы
прокуратурасы
8 (7132) 90- 14-58
8 (7132) 90- 14-59
п/и 030000
Ақтөбе қ.
Ө.Сейітов көшесі,6
7. Атырау облысы прокуратурасы 8 (7122) 27-08-01 п/и 060011 Атырау қ.
А.Молдағұлова
көшесі, 245
8. Шығыс Қазақстан
облысы прокуратурасы
8 (7232) 24-18-24 п/и 070004
Өскемен қ.
Пермитин көшесі,
21
9. Жамбыл облысы
прокуратурасы
8 (7262) 45- 29- 41 п/и 080000,
Тараз қ.,
М.Х.Дулати көшесі,
23
10. Батыс Қазақстан облысы
прокуратурасы
8 (7112) 50 -33- 47 п/и 090000
Орал қ.
Жұбан
Молдағалиев
көшесі, 23
11. Қарағанды облысы
прокуратурасы
8 (7212) 35-35-95 и/п 100026
Қарағанды қ.,
Құрылысшылар
даңғылы, 28а
12. Қостанай облысы
прокуратурасы
8 (7142) 53-41-38
8 (7142) 54-94-86
п/и 110000
Қостанай қ.,
Алтынсарин көш.,
118А
13. Қызылорда облысы
прокуратурасы
8 (7242) 27-43-75 п/и 120001
Қызылорда қ.,
Нұрмақов көшесі, 1
14. Маңғыстау облысы
прокуратурасы
8 (7292) 42-34-10
(вн.121)
п/и 130000 Ақтау қ.,
15 ықшамаудан,
56/1
15. Павлодар облысы
прокуратурасы
8 (7182) 31- 50- 82
31- 50- 80
п/и 140000
Павлодар қ.,
Лермонтов көшесі,3
16. Солтүстік Қазақстан
облысы прокуратурасы
8(7152) 46-14-87 п/и: 150000
Петропавл қ.,
Қазақстан
Конституциясы
көшесі 15
17. Түркістан облысы
прокуратурасы
8 (72533) 5-29-14
5-29-15
п/и 161200
Түркістан қ.,
Жаңа қала ш/а, 34
14/1 көше
18. Бас көлік прокуратурасы 8 (7172) 71- 22- 20 п/и: 010000
Астана қ. Мәңгілік ел
даңғылы, 14
19. Абай облысының
прокуратурасы
8 (7222) 56-89-13 п/и 071400
Семей қ., Панфилов
көш.,69
20. Жетісу облысының
прокуратурасы
8 (7282) 24-17-81 п/и 040000
Талдықорған қ.,
Толебаев көш., 51
21. Ұлытау облысының
прокуратурасы
8 (7102)76-15-68/
76-19-63
п/и 100600
Жезқазған қ.,
Гагарин көш., 44
Өтініш бланкісі
Құқық қорғау органының
аумақтық бөлімшесінің,
ведомствосының немесе
мекемесінің басшысына
_______________________
Өтініш
Маған __________________________
Т. А. Ә. (бар болса, толық)
алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді
сұраймын.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен
таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Келесі құжаттарды ұсындым:
1. _________________________
2. _________________________
3. _________________________
4. _________________________
5. _________________________
6. _________________________
7. _________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
(Қолы)
А.Т.Ә. (болған кезде)
"____" _______________ 20____ж.
ӨМІРБАЯН
Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде,
шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді
міндетті түрде көрсете отырып жазады:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана
тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
- қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі
бойынша мамандығы;
- кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық
атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа
ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан
және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық
немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма
(қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
- әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери
қызметке қашан және қандай әскери комиссариат
шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін),
қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін)
және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден
запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды,
әскери атағы;
- отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің
(ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері,
ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері;
кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын
туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа
қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ
бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын
туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу
себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы
куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және
қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе
жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын
өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық
деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер
органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді
(туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда,
лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын
туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма
(кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім
шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен)
немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш
білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде
тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты,
туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда
тұрады), олармен байланыс қалай іске асады;
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын
туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік
жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалаушарасы);
- соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері,
егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе,
бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі.