«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысының прокуратурасы мемлекеттік мекемесі (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі 45, кабинет 204, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)25-05-93,  электрондық мекен-жайы:  7162383@prokuror.kz (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)  «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Ақмола облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің басшысы, С-O-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232   теңгеден 350 615 теңгеге дейін.

 Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлап отырып облыс прокуратурасы бөлімшелерімен бірге үйлестіреді, міндеттерді, тапсырыстарды, түсетін материалдарды бөлім қызметкерлеріне бөліп береді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікке ие болады;

Аудандық, қалалық прокуратуралардың және облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің  материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындап, енгізеді;

Аудандық, қалалық прокуратуралардың және облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің  материалдық-техникалық қамтамасыз етуін бақылауға алады;

Көліктердің, байланыс құралдардың, шаруашылық қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, Ақмола облысының прокуратура ғимараттарының құрылыстарын, жөндеуін, техникалық жабдықтауын ұйымдастырады;

Прокуратура қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік, басқа да органдармен бірлесіп әрекет етеді, заңмен бекітілген тәртіп бойынша мәліметтерді сұратады;

Бөлім мамандарына нақты сұрақтар бойынша тапсырмаларды бөліп береді;

Ақмола облысы прокуратурасының тізімінде тұрған ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеудің орындалуына бақылау жүргізеді;

Ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеуге ақаулы тізімдемелерін дайындайды;

Сатып алынған тауарларды аудандық, қалалық прокуратуралардың және облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің сұранымдарына сәйкес бөліп береді;

Шаруашылық меңгерушісінің, техникалық қызметкерлердің жұмысына бақылау жасайды;

Жоспарланған іс-шаралардың, аппараттық, жедел кеңестердің, алқа шешімдерін ұйымдастырып, орындалуын жеке бақылауға алады, прокуратура басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімдерде сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

Ақпараттандыру және компьютерлеу саласындағы жұмысты үйлестіреді, есептеу техникасын қолданып, прокуратура органдардарында ақпараттық қауіпсіздігін, мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етеді;

Өзіне бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізеді;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады және бақылайды;

Тауаларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында Қазақстан Республикасының Заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады;

А блогы, 6 грейд.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес,басқарма және құқық аясында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит)

Үлгілік біліктілік талаптарға және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс өтілі:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;     

Конкурс мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының 2017 жылдың 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға Қағидалардың 43 және 44-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:      1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік мекеме «Ақмола облысының прокуратурасы» келесі мекенжай бойынша Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 45 ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 

 

        «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

         _____________________________________________

 

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені, _____________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Мекен жайы: _____________________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________

e-maіl: ___________________________________________________________

ЖСН: ___________________________________________________________

 

______________                                      ____________________________________

      (қолы)                                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

 

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
07 августа 2024