Ақмола облысының прокуратурасы бос лауазымға ішкі байқау жариялайды (прокуратура органдары қызметкерлері арасында)

Облыс прокуратурасының жедел іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы С-OGP-4 (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: 

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 217 673 тенгеден 293 593 тенгеге дейін).

Функционалдық міндеттері:

- Жедел іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бойынша Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын, ҚР Бас прокуратурасының және облыс прокуратурасы алқасының шешімін орындау, Бас прокуратураның және облыс прокуратурасы басшылығының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

- ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 25 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген «Прокуратура органдарында жедел іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бойынша» Нұсқаулықтың, басқа да өкімдер мен нұсқаулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

- Басқарманың жұмысын жоспарлайды, облыс прокуратурасының алқасының, үйлестіру және консультативтік кеңестерінің жұмысына ұсыныстар енгізеді, жоспарланған іс-шаралардың уақытылы орындалуын бақылайды;

- Басқарманың аналитикалық жұмысын ұйымдастырады, прокуратураның жұмыс регламентін және прокуратура органдарында құжаттамаларды құжаттау және басқару қағидасының сақталуын бақылайды;

- статистикалық есептіліктің қалыптасуын және ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын, оның ішінде қызметтік ақпаратты жария етпеуді бақылайды;

- жалпы функционалдық міндеттерге сәйкес облыс прокуратура басшылығының өзге де нұсқауларын орындайды;

- облыс прокуратура басшылығының өзге де нұсқауларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Өтінішке қоса беріледі:

  1. жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама;
  2. қарамағындағы үміткерге берілген лауазымды тұлғаның ұсынымхаты (Бас прокуратураның қызметкерлеріне – құрылымдық бөлімше басшысының не оның орынбасарының қойылған қолымен; облыс прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Академияның, ҚСжАЕК-тің қызметкерлеріне - облыс прокурорының, Академия ректорының, ҚСжАЕК төрағасының не олардың орынбасарларының қойылған қолымен) қоса тіркеледі.

ҚР БП 25.09.2019ж. №118 бұйрығымен бекітілген, өтініштің және ұсыным хаттың нысандары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғарғы басшы лауазымына конкурс өткізу Қағидаларымен бекітілген (1, 2 - қосымшалар).

 

03.01.2024 жыл

Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45, индекс 020000 (телефон: 8 (7162) 25-05-93), 7162382@prokuror.kz

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

1-қосымша

 

 

нысан

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

            Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға келісемін және міндеттенемін.

Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. ___________________________________
  2. ___________________________________
  3. ___________________________________

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

 

 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

«      » ____________ 20____ ж.

 

 

Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

2-қосымша

 

 

нысан

 


Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа
ҰСЫНЫМХАТ

 

 

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін __________________ __________________________________________________________________ ұсынамын             (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

 

Кандидат мынадай қасиеттерге ие ________________________________ __________________________________________________________________

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________

 (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

Қосымша ақпарат:

_________________________________________________________________________________________________________________________________.

 

 

Ұсынып отырған адамның

лауазымы                                     қойған қолы              Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

5-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

 

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (35 сұрақ)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (35 сұрақ),

Қазақстан Республикасының Заңдары:

«Прокуратура туралы» (25 сұрақ),
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

120

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 января 2024