облыс прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау жөніндегі Басқарма басшысы С-OGP-4 (1 бірлік)
Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар:
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 217 673 тенге).
Функционалдық міндеттері:
-қадағалау қызметінің барлық бағыттары бойынша Басқарманың жұмысына жалпы басшылықты және бақылауды, Басқарма құзыретіне жататын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, облыс прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының, облыс прокуратурасының алқа шешімдері мен жұмыс жоспарларының, құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің, Консультативтік кеңестің уақтылы орындалуын, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
-жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
-жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, соттармен, құқық қорғау және бақылаушы органдармен, ұлттық алдын алу тетігінң қатысушыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
-жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
-кадрларды іріктеу және орналастыру, басқарма қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту, қызметкерлерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
-басқарма жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және оң тәжірибені тарату мәселелері бойынша облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасарының қарауына ұсыныстар енгізеді;
-облыс прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларын, алқа отырыстарында, облыстың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде және кеңестерде қарау үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
-салалық Нұсқаулықтың 8-тармақшасына сәйкес Бас прокуратураға тиісті ақпаратты белгіленген мерзімдерге жібере отырып, қадағалаудың басым бағыты бойынша жұмысты қорытады;
-облыс прокуратурасы басшылығыныңі басқа да тапсырмаларын орындайды;
Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Өтінішке қоса беріледі:
Бас прокуратураның қызметкерлеріне – құрылымдық бөлімше басшысының не оның орынбасарының қойылған қолымен; облыс прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Академияның, ҚСжАЕК-тің қызметкерлеріне - облыс прокурорының, Академия ректорының, ҚСжАЕК төрағасының не олардың орынбасарларының қойылған қолымен қоса тіркеледі.
ҚР БП 25.09.2019ж. №118 бұйрығымен бекітілген, өтініштің және ұсыным хаттың нысандары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғарғы басшы лауазымына конкурс өткізу Қағидаларымен бекітілген (1, 2 - қосымшалар).
25.04.2023 жыл Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45, индекс 020000 (телефон/факс: 8 (7162) 25-05-93).