Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан астам.
Аблазимов М.М. еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданы прокуратурасында прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласының Түрксіб ауданы прокуратурасында прокурордың көмекшісі, Алматы қаласының Медеу ауданы прокуратурасында прокурордың көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Медеу ауданы прокуратурасында әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын және атқарушылық іс жүргізуді қадағалау бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүдделерін білдіру басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының аталған басқармасының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасы аппаратының прокурорының көмекшісі, Алматы қаласының Әуезов ауданы прокуратурасында соттарда мемлекет мүдделерін білдіру және қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы, Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасы аудан прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Ақкөл ауданы прокуратурасы аудан прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.