
Абай облысының прокуратурасы «FC Semey» футбол клубымен бірлесіп, балаларға «Елорда» командасына қарсы футзалдан өткен үй матчына баруды ұйымдастырды.
Іс-шара балалардың бос уақытын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға, оларды спорттық өмірге тартуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, олардың бойында салауатты өмір салтына деген ұмтылысты, тәртіптілікті, жауапкершілікті және өзара сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай бастамалар жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды спортқа, мәдени және қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту бағытындағы жұмысты жалғастырып, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасайтын болады.
60 бала — спортты, дамуды және салауатты өмір салтын таңдауға берілген 60 мүмкіндік.
Абай облысының прокуратурасы
Абай облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.
Семей қаласында Халықаралық қарттар күніне орай №2 Семей арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағын абаттандыру бойынша іс-шара өткізілді.
Акцияға пробация қызметінің есебінде тұрған шамамен 30 адам қатысты. Олар Абай облысының прокуратурасы, пробация қызметі және мекеме қызметкерлерімен, сондай-ақ коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, іргелес аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Пробация есебінде тұрған адамдардың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Абай облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ерекше көңіл бөледі.
«Таза Қазақстан» акциясы аумақтардың тазалығын сақтау, абаттандыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Абай облысында экологиялық және қоғамдық пайдалы іс-шаралар жалғасын табады.
Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады.
Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 100-ден астам факті анықталды.
Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттер көз алдында жасалған, бірақ олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді.
Аталған факті бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып қала береді. Тексеру шаралары жалғасуда.
Семей қаласында Абай облысы прокуратурасы қызметкерлерінің, Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі және полицияның учаскелік инспекторларының қатысуымен бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында Семей қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жүргізілді.
Тексерулердің негізгі мақсаты – есепте тұрған адамдардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталама қылмыстардың алдын алу.
Аралау барысында есепте тұрған адамдардың тұрмыс жағдайына, олардың әлеуметтік мәселелеріне, сондай-ақ пробациялық бақылаудың белгіленген талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.
Прокуратура, пробация қызметі және полицияның бірлескен жұмысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қайталама қылмыстардың жасалуына жол бермеуге бағытталған.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі!
Абай облысының прокуратурасы
Мақаншы ауданының прокуратурасы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында тұрғындарды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуге қауіп төндіретін бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, Бұғыбай, Қызылбұлақ және Қызылжұлдыз ауылдарындағы блок-модульдік станцияларда су сүзу жүйелерінің жоқтығы анықталды. Сонымен қатар аталған нысандарда санитариялық-қорғау аймақтары белгіленбеген және қажетті санитариялық қорытындылар алынбаған.
Сондай-ақ Бекет және Қабанбай ауылдарында бюджет қаражаты есебінен салынған, жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын сумен жабдықтау желілері құрылыс аяқталғаннан кейін коммуналдық кәсіпорынның балансына берілмегені анықталды. Соның салдарынан аталған нысандар іс жүзінде тиісті қызмет көрсетусіз қалған.
Анықталған бұзушылықтар халыққа белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін ауыз судың берілуіне әкеп соғуы мүмкін еді.
Тексеру нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы анықталған бұзушылықтарды жою және сумен жабдықтау нысандарын тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз ету туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізді.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауда.
Аудан прокуратурасы олардың іс жүзінде жойылуына бақылау жүргізуде
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Көкпекті ауданындағы Жайсан көлінде браконьерлік
фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Көлдің жекелеген учаскелерінде балық аулауға жыл бойы тыйым салынған.
Рейд барысында заманауи ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен заңсыз орнатылған 51 балық аулау торлары анықталды.
Олардың ішінде 600-ден астам балық болған. Торлар тәркіленіп, балықтар көлге жіберілді.
Сондай-ақ дронның көмегімен 12 қайық және тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған екі адам анықталды.
Дронды байқағаннан кейін құқық бұзушылар аулаған балықтары салынған қаптарды суға лақтырып, бой тасалауға әрекет жасаған.
Кейіннен балық пен торлар салынған қаптар, сондай-ақ бес қайық тәркіленді.
Құқық бұзушыларды қуған дрон олардың қашып кетуіне жол бермеді, ал бейнежазба олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік
берді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы — «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын
немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Балық аулау қайықтарының иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы бойынша
әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар жергілікті тоңазытқыш қоймалардың иелері тиісті рұқсатсыз балық ресурстарын сақтағаны анықталды. Кәсіпкерліктің екі
субъектісі ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
«Әуе патрулі» жобасын іске асыру су айдынының жетуі қиын учаскелеріне тиімді бақылау жүргізуге және табиғатты қорғау
заңнамасының елеулі бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.
Абай облысының прокуратурасы
Бородулиха ауданының прокуратурасы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман қорын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ағаштарды заңсыз кесудің 6 фактісі анықталды. Оның 3 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса, қалған 3 факті бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
Сонымен қатар, 20 орамда орман дайындау жұмыстары тоқтатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып техниканы пайдаланудың 5 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану фактілері де бар.
Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз техниканы пайдалану, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері бар.
Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Заңдылықты қамтамасыз ету және орман қорын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Абай облысының прокуратурасы
Абай облысының прокуратурасының қолдауымен әртүрлі қылмыс жасаған сотталғандардың шынайы оқиғаларына негізделген «Қайтар жолы жоқ нүкте» атты деректі фильм дайындалды.
Фильмнің өзегінде — бес адамның тағдыры. Олардың әрқайсысы ойланбай жасалған әрекет пен қылмыс жолына түсу туралы қабылданған шешім қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Фильм авторлары құқыққа қайшы әрекеттің шынайы бағасын көрсетуге ұмтылған: бас бостандығынан айырылу, жақындарымен қарым-қатынастың бұзылуы, қалыпты өмір салтының өзгеруі және қылмыс жасағаннан кейін адам тап болатын өзге де салдарлар.
Жобаның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өз іс-әрекетіне саналы көзқарасты қалыптастыру және өскелең ұрпақтың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеу.
Фильм санаулы минуттарда қабылданған бір ғана ойланбай жасалған шешім адамның ғана емес, оның отбасы мен жақындарының да кейінгі өмірін өзгертуі мүмкін екенін айқын көрсетеді.
Абай облысының прокуратурасы жастарды өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға, әрбір әрекеттің салдарын есте сақтауға және заңды жолды таңдауға шақырады.
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай облысының прокуратура қызметкерлері қоршаған аумақты абаттандыруға және оның тазалығын сақтауға бағытталған сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері аумақты тазалап, қоқыстан арылтып, оған іргелес учаскелерді тиісті санитарлық жағдайға келтірді.
«Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды, еңбек ұжымдарын және қоғамдық ұйымдарды елді мекендердің тазалығын сақтау, абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты ортақ мақсаттың төңірегіне біріктіреді.
Абай облысы прокуратурасы қызметкерлерінің осындай іс-шараларға қатысуы жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға қосқан үлесі болып табылады, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісі саналады.
Абай облысының прокуратура ұжымы өңір тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға, туған өлкенің аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.
Абай облысының прокуратурасы
Бесқарағай ауданының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау және осындай қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды.
Бірқатар ұрлық жасауға 11 адамның қатысы бар екені анықталды. Жалпы, олар 36 бас ұсақ малды ұрлаған, сондай-ақ тағы 14 бас малды ұрлауға әрекет жасаған.
Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың тағылған қылмыстарды жасаудағы кінәсін растайтын дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен барлық 11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін заңда көзделген жауаптылық пен жаза қарастырылғанын еске салады.