

1984 жылы 22 наурызда Алматы облысының тумасы.
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты және Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
2009-2010жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Астана қаласы бойынша Соттар әкімшілігінің сот орындаушысы;
2010-2013ж.ж. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Институтының ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы, бас сарапшы;
2013-2016 жж. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
2016-2022ж.ж. Бас көлік прокуратурасы органдарындағы қызмет, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан көлік прокурорларының орынбасары;
2022-2023ж.ж. Абай облысы прокуратурасының облыс прокурорының аға көмекшісі - Кадрлық жұмыс тобының басшысы;
2023ж. Абай облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры.