

22.05.1974 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет бітірген.
01.09.1997 жылдан 23.11.1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы;
23.11.1998 жылдан 01.03.2000 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры;
01.03.2000 жылдан 27.03.2001 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры;
27.03.2001 жылдан 12.03.2002 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы прокурорының аға көмекшісі;
12.03.2002 жылдан 12.05.2002 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
16.05.2002 бастап 16.04.2003 дейін Алматы облысы прокурорының халықаралық шарттарды қолдану заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі;
16.04.2003 жылдан 05.04.2004 жылға дейін Алматы облысы прокуратурасының Алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары;
05.04.2004 жылдан 30.05.2005 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының ұлттық қауіпсіздік органдарында, қаржы полициясында және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
13.06.2005 жылдан 31.08.2005 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында, қаржы полициясында және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры;
31.08.2005 жылдан 11.07.2008 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының Тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
11.07.2008 жылдан 15.02.2010 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының Тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
28.03.2012 жылдан 28.03.2017 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасы Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы;
12.12.2017 жылдан 17.08.2018 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы;
04.09.2018 жылдан 22.02.2019 жылға дейін Алматы облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалуының заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары;
22.02.2019 жылдан бастап 02.08.2022 жылға дейін Алматы облысы прокуратурасы Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы;
08.02.2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай облысы прокурорының орынбасары.