GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
28 сентября 2026
Облысәкімі халықпен кездеседі

Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

16 сентября 2026
Азаматтарды қабылдау

Құрметті Приозерск қаласы тұрғындары!

Сіздерді «АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА» шақырамыз.

Іс-шара барысында облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10.00 - 12.00

Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы ғимараты,           Қошқарбаев көшесі, 6 үй

Алдын ала жазылу телефоны: 8(71039)5-30-06

09 июня 2026
Ашық есік күні және Мемлекеттік қызмет алушылар күні
22 мая 2026
Қала әкімінің халықпен кездесуі

                     Құрметті Приозерск қаласының  

                                     тұрғындары!                                                                                                                                             

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі  М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.

       Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.

Қала әкімі жергілікті атқарушы органдар-дың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттары-мен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

     Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.

       Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.

 

                                                    Қала әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау

Ағымдағы жылдың 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі аралықта «Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мəселелермен байланысты cұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не жүгіне аласыз 8(71039)7-00-30

 

30 апреля 2026
Приозерск қаласының көппәтерлі тұрғын үй қоры туралы ақпарат

«Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Қарағанды облысының Приозерск қаласында коммуналдық және аралас меншік нысанындағы көппәтерлі тұрғын үй қоры жұмыс істейді.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде «Тұрғын үй қатынастары туралы»         Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мен қызмет көрсету мамандандырылған ұйымдар арқылы, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), жай серіктестіктер (ЖС) және тікелей бірлескен басқару (ТББ) сияқты басқару нысандары арқылы қамтамасыз етіледі.

Қала аумағында негізгі қызмет көрсетуші ұйымдар:

  • «Приозерск-Жил-Сервис» ЖШС
  • «Арай 2017» ЖШС
  • басқарудың өзге нысандары (МИБ, ЖС, кондоминиумдар)

Осы ақпарат тұрғын үй қорының жай-күйі және қызмет көрсетуші ұйымдар туралы мәліметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.

 

«Приозерск-Жил-Сервис» ЖШС қызмет көрсететін мекенжайлар:

  1. Абай 25/2
  2. Абылай батыр 2
  3. Б. Момышұлы 3 – 1 подъезд
  4. Б. Момышұлы 3 – 2 подъезд
  5. Б. Момышұлы 5
  6. Б. Момышұлы 12/1
  7. Б. Момышұлы 12/2
  8. Б. Момышұлы 14/1
  9. Жеңіс бульвары 30
  10. Жеңіс бульвары 36
  11. Весенняя 1
  12. Достық 16
  13. Достық 16/2
  14. Достық 16/3
  15. Достық 18/2
  16. Достық 25
  17. Достық 21
  18. Достық 24
  19. Пушкин 5
  20. Р. Қошқарбаев 7/1
  21. Р. Қошқарбаев 7/2
  22. Р. Қошқарбаев 9

 

«Арай 2017» ЖШС қызмет көрсететін мекенжайлар:

  1. Абай 3
  2. Абай 7
  3. Абай 9
  4. Абай 11
  5. Абай 15/1
  6. Абай 17/3
  7. Айтбай батыр 3
  8. Айтбай батыр 4
  9. Айтбай батыр 5
  10. Айтбай батыр 8
  11. Балқашская 2/2
  12. Б. Момышұлы 3 – 3 подъезд
  13. Жеңіс бульвары 28
  14. Жеңіс бульвары 34
  15. Гвардейская 10
  16. Гвардейская 12
  17. Достық 7
  18. Достық 11
  19. Достық 29
  20. Достық халықтар достығы 4/1
  21. Достық халықтар достығы 4/3
  22. Кисунько 1
  23. Кисунько 1а
  24. Кисунько 15/3
  25. Космонавтов 1
  26. Космонавтов 1/2
  27. Панфилов 7/1

 

Басқарудың өзге нысандары (МИБ, ЖС, кондоминиумдар):

  1. Айтбай батыр 17
  2. Балқашская 18
  3. Жеңіс бульвары 38
  4. Дорожная 4/2
  5. Достық 16
  6. Пушкин 6
  7. Пушкин 9/3

 

15 марта 2026
ОТКРЫТЫЕ нпа

Хабарлама
«Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ хабарлайды: қазіргі уақытта «Ашық НҚА» порталында «Приозерск қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» әкімдік қаулысының жобасы бойынша қоғамдық талқылау жүргізілуде.
Қоғамдық талқылаудың аяқталу мерзімі - 16.03.2026 жыл.

20 февраля 2026
Приозерск қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізілді

Жаңа жағалау аймағы, абаттандырылған жағажайлар, су бойындағы дәмханалар, жағалау бойымен тартылған веложолдар және концерттер мен спорттық турнирлер өтетін ауқымды жастар саябағы. Болашақта туризмге басымдық беретін қала ретінде Приозерск осындай келбетке ие болмақ.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезекті XXXII сессияда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен ұштастырылған Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті. Құжат 2038 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және заманауи туристік-рекреациялық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Негізгі басымдық жағалау аумағына берілген. Ұзындығы шамамен жеті шақырымды құрайтын демалыс аймағы кешенді түрде абаттандырылмақ. Жоба аясында жағажайлар, көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру және көгалдандыру жүйелері, балалар алаңдары және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған.

— Приозерск елеулі табиғи және мәдени әлеуетке ие. Біз туризмді қаланы дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз және Приозерскіні заманауи туристік орталыққа айналдыру жолында нақты қадамдар жасап отырмыз. Бас жоспарға енгізілген түзетулер саланың ұзақмерзімді даму әлеуетін ескере отырып әзірленді және қалалық ортаны кешенді әрі орнықты дамытуға бағытталған, — деп атап өтті қала әкімі Мансур Ахметов.

Қаланың батыс және шығыс бөліктерінде әрқайсысының аумағы шамамен 20 гектарды құрайтын демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды жоба — жастар саябағы. Оның аумағында спортпен айналысуға, би билеуге және концерттер өткізуге арналған алаңдар қарастырылған. Саябақ арқылы негізгі демалыс аймақтарын байланыстыратын жағалау желісі өтеді.

Жоба қаланы кезең-кезеңімен дамытуды, аумақты толық игеруді және тұрғындардың әлеуметтік әрі тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейді.

Сондай-ақ электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйелерін жаңғырту, екі қазандық салу және жаңа магистральдық жылу желілерін тарту қарастырылған. Инженерлік коммуникациялар қуат резервімен жобаланады, ал жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін жергілікті ағын суларды әкету жүйесі бар кәріз жүйесін салу жоспарланған.

— Приозерскінің жаңа Бас жоспары — қаланың болашағына арналған стратегиялық көзқарас. Мұнда туристік әлеуетті дамытуға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға, қолжетімді мектептер мен балабақшалар салуға, заманауи индустриялық аймақтар құруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға басымдық берілген, — деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

29 января 2026
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық
кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен
кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция
жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ
кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген
атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды
ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз
салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай
қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

28 января 2026
Қала әкімінің тікелей эфирі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы