GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Все материалы
21 июля 2026
Астанада Қазақстан мен АҚШ сарапшыларының есірткі мен химиялық прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесуі өтуде

2026 жылғы 21-24 шілде аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталығында АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) мен АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) өкілдерімен бірқатар кездесулер мен консультациялар өтуде.

Қазақстан тарапынан жұмысқа Бас прокуратураның, құқық қорғау, арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Кездесудің негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту және есірткінің, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және талдамалық қызметті жетілдіру саласындағы озық халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады.

Қатысушыларға Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов, АҚШ Стамбул қаласындағы Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) кеңсесінің басшысы Натаниэль Клементсон, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жедел қызметінің (CBP) басшысы Кип Шмидт сөз сөйледі (SVR).

Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді.

Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды.

Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлар айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.

Өз кезегінде, АҚШ делегациясының өкілдері есірткі, химиялық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жұмысын таныстырды.

 Сонымен қатар, кездесу барысында әлемдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, химиялық прекурсорлардың қозғалысына мониторинг жүргізу мен бақылаудың заманауи тәсілдері, оларды есірткі заттарын заңсыз өндіру үшін пайдаланудың алдын алу тетіктері, тәуекел бейіндерін әзірлеу және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану әдістемелері, жедел деректер негізінде таргетингтің, деректерді талдаудың және ведомствоаралық ақпарат алмасудың заманауи әдістері, талдамалық құралдарды одан әрі дамыту перспективалары мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың талдамалық әлеуетін дамытуға және Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың қызметіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға, кәсіптік тәжірибе алмасуды кеңейтуге және есірткі қылмысына, химиялық құралдар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

20 июля 2026
Бас прокуратураның Комитетінде 2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыланды

А.ж. 17 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай 2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.

Сәбит Нұрлыбай отырысты ашып, Комитеттің есептік жылдағы қызметі мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ ведомствоға жүктелген басым міндеттерді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Алқа отырысында Комитет Төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін бағыттары, сондай-ақ цифрлық жобаларды іске асыру бойынша есептері тыңдалды, болжамдық-талдамалық қызметтің, Таргетинг-орталықты дамытудың және және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты үйлестірудің басымдықтары талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Комитет қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ерте анықтауға бағытталған болжамдық-талдамалық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Аталған тапсырмаларды тәжірибелік іске асыру үшін Комитеттің құрылымында Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы және елдегі прекурсорлардың заңды айналымын бақылау бойынша Ұлттық ведомствоаралық «Таргетинг-орталық» (бұдан әрі – Таргетинг орталық) жұмыс істейді. Олар прокурор-талдаушылар, IT-мамандар және жобалық басқару жөніндегі сарапшылармен күшейтілген.

Көшедегі және қайталама құқық бұзушылықтарды болжау, «e-Otinish» АЖ-ның жолданымдары негізінде тәуекелдерді анықтау, медиа-кеңістік мониторингі негізінде сыртқы қылмыстық қауіп-қатерлерді және қоғамдық қауіпсіздіктің ішкі тәуекелдерін анықтау бойынша жасанды интеллект модельдері жасалды. «Телефон және интернет-алаяқтық мониторингінің бірыңғай талдамалық платформасы» және қылмыстық қауіп-қатерлер картасы сынақтан өтуде. Аталған цифрлық құралдар тәуекелдерді ерте анықтау және құқық бұзушылықтарды болжау саласында жоғары әлеуетті көрсетуде.

Сонымен қатар, Таргетинг орталықты дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда жүйе химиялық заттар мен прекурсорлар айналымының толық бейнесін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялау туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерді жетілдіру және дамыту, цифрлық жобаларды, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Цифрландыру нәтижесінде электрондық форматта тергеліп жатқан қылмыстық істердің үлесі 95%-дан асты, ӘІБТ жүйесі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 99,9% хаттама мен қаулы толтырылды. «Бизнес» заңсыз тексерулерден ТСОБТ жүйеде сенімді түрде қорғалған.

Осы және өзге де цифрлық шешімдер қызметінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік органдардың процестерін едәуір оңтайландыруда. Бұл қабылданып жатқан профилактикалық шаралармен ұштаса отырып, республика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға (64 529-дан 56 978-ге дейін) төмендеуіне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басқа да өзекті түрлері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.

Ең бастысы, мұндай құралдар заңдылықтың бұзылуына қатысты «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бейінді бөлімінің үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен күтулерін барынша дәл айқындауға мүмкіндік беретін «Азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеудің бірыңғай экожүйесін» қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Комитет Төрағасы жетекшілік ететін Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіру жөніндегі Жобалық офистің қызметіне ерекше назар аударылуда.

А.ж. 13 шілдеде Премьер-Министр жаңартылған Тұжырымдама мен Іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Тұжырымдаманың жаңа редакциясы және 145 іс-шараны қамтитын 80 тармақтан тұратын жаңартылған Іс-қимыл жоспары нысаналы топтардың кең ауқымына бағытталған.

Сонымен қатар, ведомствоның «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмысы атап өтілді. Атап айтқанда, Комитет уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, алдын ала тетік жасап, әкімшілік рақымшылық жасау процесін автоматтандыруды қамтамасыз етті.

Жұмысты қорытындылай келе,  Сабит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдарының басым бағыттарын айқындады, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жоғары басшылықтың алдағы кезеңге қойған тапсырмаларын сапалы орындау бойынша нақты міндеттерді белгіледі, сондай-ақ Комитеттің болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіруге, цифрландыруға және жасанды интеллекті енгізуге, Жобалық офистің  жұмысы аясында  қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіруге бағыт берді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

17 июня 2026
Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті

Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Пәкістанның құзыретті мемлекеттік органдарының өкілдері, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ химия өнеркәсібі мен логистикалық компаниялардың өкілдері қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту, практикалық тәжірибемен алмасу және жаңа психоактивті заттардың, синтетикалық есірткілердің таралуына және жаңа технологияларды заңсыз айналымда пайдалануға байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірлескен тәсілдерін дамыту.

Отырыста Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің GRIDS бағдарламасының жетекшісі Фумио Ито, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Юлиана Садовский, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Махмуд Хамидов, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов сөз сөйледі.

Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді.

Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды.

Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлардың айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.

Кездесу барысында өңірдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, жаңа қауіп-қатерлерді ерте анықтау, халықаралық ақпараттық платформаларды, талдамалық құралдар мен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері талқыланатын болады.

Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың тәуекелдер мониторингі, деректерді талдау, есірткінің заңсыз айналымының жаңа тәсілдерін анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ақпарат алмасуды дамыту жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара шеңберінде Комитет пен ҚАЗХИМИЯ Химия өнеркәсібі қауымдастығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

27 февраля 2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары Марат Советұлы Башимов, Екатерина Васильевна Смышляева, Ішкі істер министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның, Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Астана» халықаралық университетінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академияларының жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.   

Отырысты аша отырып, Комитет Төрағасы Нұрлыбай Сәбит Комитетке болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру жөніндегі жаңа функцияны бекіткен заңнамалық түзетулердің қабылданғанын, сондай-ақ бұдан бұрын ел басшылығына көрсетілген цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізу нәтижелерін атап өтті.

Комитеттің қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау жүйесін енгізу нәтижелерін, сондай-ақ одан әрі дамыту жоспарларын ұсынды.

Әзірленген цифрлық шешімдердің тәжірибелік маңыздылығына ерекше назар аударылды. Енгізілген цифрлық құралдар қазірдің өзінде жасалған құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жасырын тәуекелдерді ерте кезеңде – құқықтық ақпараттың үлкен көлемдерін талдау, ведомствоаралық интеграциялар деректері мен медиа кеңістіктің мониторингі негізінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйелер құқық бұзушылықтардың ықтимал динамикасын болжайды және жағымсыз салдар туындағанға дейін жағдайдың ықтимал эскалациясы туралы белгі береді.

Енгізілетін құралдарды ғылыми негіздеу үшін еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық жолға қойылған.

Отырыста «Астана» халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің PhD профессоры Әлібек Барлыбаев қайталама құқық бұзушылықтарды болжау және қылмысты кеңістіктік талдау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттары, Кеңес мүшелері Комитет жүргізген жұмыстардың нәтижелерін оң бағалап, сондай-ақ болжау және ерте алдын алу жүйелерін одан әрі дамыту бойынша бірқатар тәжірибелік ұсынымдар әзірледі. Осы ұсыныстарды бірлесіп іске асыру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырудың пәрменді құралы ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

30 января 2026
Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңесі өтті

Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде а.ж. 30 қаңтарда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Іс-шараға Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев, Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық банктің, Ұлттық төлем корпорациясының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейдегі банктердің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Сабит Нұрлыбай қазіргі таңда елде тіркелген әр үшінші қылмыс алаяқтыққа, ал әр төртінші қылмыс – интернет алаяқтыққа қатысты екенін атап өтті. Алаяқтықттың ауқымы мен келтірген зияны қазіргі қолданыстағы шаралар механизмін бір қадам алға жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында Комитет Ұлттық Банкпен бірлесіп, «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» және «Антифрод орталық» ақпараттық жүйелерінің интеграциясын іске асырды. Бұл банктер мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ олардың оқиғаларға ден қою жылдамдығын айтарлықтай арттырды.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы бізге түбегейлі жаңа тәсілге – үлкен деректер, сценарийлік талдау және жасанды интеллект негізінде тәуекелдерді ерте анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұл контурға банктер мен байланыс операторларының жиынтықталған аналитикасын енгізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу антифрод-шараларының тиімділігін объективті бағалау мүмкіндігін жақсартады, азаматтар зардап шегуге дейін, яғни алдын алу мақсатында жаңа алаяқтық схемаларға жылдам бейімделуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, кеңеске қатысушылар барлық мүдделі тараптар арасындағы деректерді біріктірудің, аналитиканың және кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және киберқылмыс пен алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттауға бағытталған бірлескен цифрлық шешімдерді қолдану туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

28 января 2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

А.ж. 28 қаңтарда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.

Сәбит Нұрлыбай отырысты ашып, Комитеттің есептік жылдағы қызметі мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ ведомствоға жүктелген басым міндеттерді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Алқа отырысында Комитет Төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін бағыттары, оның ішінде қадағалау, цифрландыру, сондай-ақ болжамдық-талдау жобаларын іске асыру, Таргетинг-орталықтың жұмысы және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері бойынша есептері тыңдалды.

Қадағалау қызметі шеңберінде Комитет және оның аумақтық департаменттері 839 тексеру, 16,3 мыңнан астам мониторинг және 900 талдау жүргізді. Олардың нәтижесі бойынша 64 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 3,9 мың прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 13 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Азаматтарға 7,2 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамаларды, ресми құжаттарға апостиль қою, архивтік анықтамалар мен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беру.

Құқықтық статистика органдарының және жалпы құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ақпараттық жүйелерді жетілдіру және дамыту, процестерді цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жұмыстары жалғастырылуда.

Цифрландыру нәтижесінде электрондық форматта тергеліп жатқан қылмыстық істердің үлесі 93%-дан асты, ӘІБТ жүйесі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 99% хаттама мен қаулы толтырылды. Бизнес заңсыз тексерулерден ТСОБТ жүйеде сенімді түрде қорғалған.

ӘІБТ және ТСОБТ жүйелерінде инвесторларға қатысты тексерулерді келісу және әкімшілік іс жүргізуді қозғау рәсімі автоматтандырылды, яғни «прокурорлық сүзгі» деп аталатын шара қолданылды. Нәтижесінде, 2025 жылы 800-ден астам негізсіз шешім кері қайтарылды, оның ішінде 400 заңсыз тексеру мен 482 әкімшілік істің жолы кесілді.

Мемлекет басшысының Комитеттің қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау жұмысын қайта форматтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ерте анықтау және алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы құрылды, онда жасанды интеллектті пайдалану арқылы «Көшедегі қылмыстарды болжау», «Қайталама құқық бұзушылықтар жасауды болжау», «e-Otinish» АЖ деректері негізінде тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ «Медиа кеңістікке мониторинг жүргізу» модельдері іске асырылуда.

Қазіргі заманғы наркотизмом  байланысты қауіп-қатерлерді бейтараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы қылмыстардың ресурстық негізін жою мақсатында Комитет құрылымында «Ұлттық Таргетинг-орталығы» құрылды, ол енгізілген жасанды интеллект көмегімен химиялық прекурсорлардың импорты және ішкі айналымы туралы мәліметтерді жинап, талдайды, синтетикалық және басқа да есірткілердің заңсыз айналымымен күресу саласындағы тенденцияларды анықтайды.

Жұмысты қорытындылай келе,  Сабит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдарының басым бағыттарын айқындады, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жоғары басшылықтың алдағы кезеңге қойған тапсырмаларын сапалы орындау бойынша нақты міндеттерді белгіледі, сондай-ақ Комитеттің болжамды-талдау қызметін жетілдіруге, цифрландыруға және жасанды интеллекті енгізуге, қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіруге бағыт берді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

17 декабря 2025
Армения Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясымен жұмыс кездесудің қорытындылары туралы

2025 жылғы 17 желтоқсанда Армения Республикасының Ішкі істер министрлігінің орынбасары Казарян Армен Микаеловичтің жетекшілігімен Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапары шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне келді.

Кездесудің мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін талқылау болды.

Өкізілген кездесу аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай қонақтарды Қазақстанның прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін цифрландырудағы үйлестіруші рөлі туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жинақталған құқықтық ақпарат негізінде қылмыстық және әкімшілік процестерде ақпараттық, оның ішінде жасанды интеллект элементтері бар жүйелерді енгізіп дамытуда, қазірдің өзінде олар оң нәтиже көрсетуде.

Криминалистикалық зерттеулер мен сараптамаларды тағайындау және алу автоматтандырылды, адвокаттарды электрондық тағайындау көзделген.

Азаматтарды қылмыстың жай-күйі және жол-көлік оқиғалары туралы ақпараттандыру мақсатында біздің ақпараттық жүйелер базасында «Геоақпараттық карталар» іске асырылды. Олар көшелерге дейін өзекті ақпаратты көрсетеді.

Сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін басқа да жүйелер мен қызметтер бар екендігі атап өтілді.

Өз іссапарын қорытындылай келе, Армения Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтіп, қабылдағаны үшін алғысын және одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

13 декабря 2025
БП ҚСжАЕК және Freedom Bank айыппұлдарға шағымдануға арналған цифрлық сервисті енгізді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Freedom Bank-пен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарға шағымдануға арналған жаңа онлайн-сервисті іске қосты.

Жаңа функционал Freedom superapp мобильді қосымшасында қол жетімді және азаматтардың жолданымдарын беру процесін жеңілдету және жеделдету үшін жасалған.

Сервис келесі салаларда айыппұлдарға дау айтуға мүмкіндік береді:

 - жол қозғалысы ережелері;

- қоғамдық тәртіп;

- қауіпсіздік;

- сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген басқа да санаттар.

Жолданымды қалай беруге болады:

  1. Freedom superapp мобильді қосымшасын ашыңыз.
  2. «Мемлекеттік қызметтер» → «мемлекеттік төлемдер» → «ЖСН бойынша айыппұлдар» бөліміне өту.
  3. Жүйе пайдаланушының деректерін және қол жетімді айыппұлдарды автоматты түрде жүктейді.
  4. Жолданым сипатын көрсетіңіз, оқиғаны қысқаша сипаттау және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды тіркеу.
  5. Жіберуді бір реттік құпия сөз және бейне сәйкестендіру арқылы растау.

Сұрау салуды бергеннен кейін пайдаланушыға жолданымның жұмысқа қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Функция тек жеке тұлғаларға - Freedom Bank клиенттеріне қол жетімді.

Цифрлық сервистерді дамыта отырып, БП ҚСжАЕК азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланады және ыңғайлы және сұранысқа ие шешімдер жасауға ұмтылуда.

Жаңа сервистің іске қосылуы Екінші деңгейдегі банктермен тығыз өзара іс-қимылдың және ауқымды бірлескен жұмыстың нәтижесі болды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

22 октября 2025
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша

2025 жылғы 22 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген келісім Мемлекет басшысының болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы тағы бір қадам болып табылады.

Құжатқа Университет ректоры Ерлан Сыдықов пен Бас прокуратура комитетінің Төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай қол қойды.

Меморандум қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау бойынша инновациялық шешімдерді дамыту мақсатында құқық қорғау органдары мен академиялық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен құқық қорғау органдарының алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған құқық қорғау органдарының тәжірибесіне ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды енгізу алаңы болып табылатын Комитеттің жаңа бөлімшесі – Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығының (бұдан әрі - Орталық) қызметіне ерекше назар аударылады.

Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай: «Комитет қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау міндеттерін орындай отырып, технологиялық құралдар мен зерттеу әдістерін бір мезгілде қолдану қажеттілігіне тап болуда.

Олардың тиімділігі ғылыми негізге, олардың дамуы тереңдігі мен сапасына байланысты.

Бұл жерде біз университеттің рөлін көреміз.

Комитет қазірдің өзінде Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеті, Астана халықаралық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен және Әділет министрлігінің Заңнама институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен  меморандумдарға қол қойды.

Біз үшін университет ғылыми қызметкерлерінің Болжау орталығының прокурорларымен бірлесіп жұмыс істеуі маңызды.

Ынтымақтастық Комитеттің үлкен деректерін академиялық ортаның әдістемелік сараптамасымен біріктіруге және құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын үлгілерді жасауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Комитет пен университет тәжірибелік қажеттіліктерге бағытталған қылмысты болжау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастайды.

Бұл, университетке ғылыми-зерттеу базасын кеңейтуге және жаңартуға, ал Комитетке –  ғылыми негізделген озық әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Меморандумның жеке бағыты соңғы курс студенттерін Қылмыстық қауіптерді болжау орталығының жобаларына тартумен байланысты.

Атап айтқанда, IT-саласының студенттері Комитеттің цифрлық жобаларының жас мамандары, тәлімгерлері және қатысушылары ретінде әрекет ете алады, ал болашақ тергеушілер, прокурорлар, адвокаттар мен судьялар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі және Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді.

Сонымен қатар, қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологияны ілгерілетуді үйлестіру үшін Президент Әкімшілігінің Басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша құрылатын «Жобалық офистегі» жобалық басқаруды енгізу мәселелері талқыланды.   

Ынтымақтастықтың стратегиялық нәтижесі — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін құқық қорғау және уәкілетті органдарының талдамалық жұмысында сұранысқа ие болатын қылмысты болжау үлгілері мен ерте алдын алу жүйелерін әзірлеуге қабілетті жаңа талдамалық мектеп құру.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

10 октября 2025
Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы делегациясының сапары туралы

2025 жылғы 10 қазанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры М.Т. Хамидов және ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Р.Т. Ильясовпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және наркотизмге қарсы күрес мәселелерін талқылау болды.

Іс-шара аясында Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Мемлекет басшысының «Орталық Азия-Ресей» екінші саммитінде айтқан «әлемде есірткінің, әсіресе синтетикалық заңсыз айналымы елеулі алаңдаушылық туғызып отырғаны» туралы сөздеріне тоқтала кетіп, қонақтарды Бас прокуратура ведомствосының қызметі туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Комитет жинақталған құқықтық ақпарат негізінде бірегей ақпараттық-талдау жүйелерін енгізіп, дамытуда, оның көмегімен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылды.

Жаңадан құрылған Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың жұмысын талқылауға және оның ОАӨАҮО-мен одан әрі ынтымақтастығының перспективаларына ерекше назар аударылады.

Тараптар накротизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Социальные сети
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы