«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 2020 жылғы 27 тамызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4721935) Бас Прокурордың «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.

Осы жоба 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Әкімшілік іс-жүргізулердің бірыңғай тізілімі енгізілуіне байланысты Бас Прокурордың 2014 жылғы               10 қазандағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» № 114 бұйрықтың күшін жоюды қарастырады.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитеті