Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің делегациясы іс-сапарының қорытындысы бойынша

Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің делегациясы  іс-сапарының қорытындысы бойынша

2025 жылғы 25 ақпанда Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің өкілдері Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жұмыс іс-сапарымен болды.

Жұмыс отырысы барысында Комитеттің ақпараттық жүйелері мен сервистері, оның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), Электрондық қылмыстық іс (Е-ҚІ), СДТБТ Жария секторы, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ) көрсетілді.

Қонақтардың назарын СДТБТ Жария секторының жұмысы қызықтырды, ол арқылы қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізудің қажетті процессуалдық құжаттарымен қашықтан таныса алады немесе сұрата алады.

Іс-сапарды қорытындылай келе, Беларусь Республикасының Тергеу комитеті Төрағасының орынбасары О. Шандарович қадағалау және құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.

Беларусь делегациясы оларды қарсы алғандығы және қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті