«Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 14 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444593) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында:

прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау немесе оларды бекітуден бас тарту туралы шешімдерді үйлестіру құқығы жүзеге асырылады;

ақпараттық есеп құжаты реквизиттермен «қоғамдық жұмыстар» - әкімшілік жазаның жаңа негізгі түрімен толықтырылады.

Әкімшілік іс жүргізудің Бірыңғай тізілімін жүргізу Қағидаларына сәйкес құқық бұзушыны медициналық тексеруге жіберу және жол-көлік оқиғасының диаграммаларын жасау процесі автоматтандырылған.

Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.