
2025 жылғы 14 ақпанында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444542) Бас Прокурордың «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба ҚР 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 156-VIII «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында Бас Прокурордың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді:
2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 «Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы».
Атап айтқанда, теріс себептермен мемлекеттік, құқық қорғау, әскери органдардан босатылған адамдарға қатысты мәліметті, дәлелді себепсіз қатарынан үш немесе одан да көп сағат қызметке келмеуіне байланысты олар жұмыстан шығарылған күннен бастап екі жылдан кейін арнайы есебінен алынып тасталады.
Арнайы мемлекеттік органдардан босатылған адамдарға қатысты мәліметті, дәлелді себепсіз қатарынан үш немесе одан да көп сағат қызметке келмеуіне байланысты олар жұмыстан шығарылған күннен бастап бес жылдан кейін арнайы есебінен алынып тасталады.
Теріс себептермен мемлекеттік, құқық қорғау, әскери және арнайы қызметтерден босатылған адамдарға қатысты қалған мәліметтер тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза салынған адамдар туралы мәліметтерді қоспағанда, жаза тағылған сәттен бастап 6 ай ішінде сақтауға жатады.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдар туралы мәліметтер жаза тағылған сәттен бастап 2 жыл сақталады.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.