
А.ж. 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай және Комитеттің қызметкерлері «Digital Almaty 2025» цифрландыру бойынша жетінші халықаралық форумға қатысты.
Форумның негізгі тақырыбы – «жасанды интеллектті» қолдану.
Форумға мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері, IT-компаниялар, халықаралық сарапшылар, венчурлік және халықаралық инвесторлар қатысты.
Форум аясында, Қазақстан Республикасы Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстан Премьер-Министрлерінің, Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президентінің, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігі басшысының, Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының, Армения Республикасы Вице-Премьерінің, ЕЭК Алқасы Төрағасының және т.б. қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Digital Almaty алаңында Комитет жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, «Мемлекеттік айыптаушы», тергеу әрекеттерін транскрибициялау жүйесі сияқты ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ Комитет «Qamqor.gov.kz» порталында іске асырылған азаматтар үшін ақпараттық мүмкіндіктер көрсетілді.
Комитет көрсеткен ақпараттық жүйелер форум қатысушылары арасында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, БАҚ, оның ішінде шетелдік БАҚ өкілдері арасында кең қызығушылыққа ие болды.
Қазақстан Республикасы Бас прокураруасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті