«Тексерулерді тіркеу Қағидаларын бекіту туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Тексерулерді тіркеу Қағидаларын бекіту туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының  жобасы (бұдан әрі - жоба) НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4722559) орналастырылды.

Жобаны әзірлеу негіздемесі:

2020 жылғы 25 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, оған сәйкес тексеру нәтижелері туралы актіге және электрондық нысандағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субьектісі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Тексеріс субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізбесі» жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.

Осы жоба аумақтық уәкілетті органның басшысына тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімін ұзарту және профилактикалық бақылау және қадағалау туралы қосымша актілерді тіркеуден бас тарту құқығы беріледі. Бірақ, осы шешім мемлекеттік органның құқықтық актісі қолданыста болған кезеңде қабылданады.

Жалпы өзгерістер тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алуды жүргізуді жақсартуға бағытталған.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті