
2020 жылғы 19 тамызда НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4649050) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.
Жалпы алғанда өзгертулер қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізуді жақсартуға бағытталған.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті