
2020 жылғы 13 тамызда НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4603212) «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті