Салтанатты іс-шара

Салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылған күнін мерекелеуге орай Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде салтанатты жиын өтті.

Іс-шараны аша отырып, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай құрметті ардагерлер мен жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, бүгінгі таңда Комитет еліміздің құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметін цифрландыруда және бюракратиядан арылтуда маңызды рөл атқаруда.

Комитеттің ақпараттық-талдау әлеуеті және инновациялық жобаларды кеңінен енгізу заңдылықты нығайтуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

Ол сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканың қалыптасуының бастауында тұрған, оны қалыптастырудың бірыңғай қағидаттарын әзірлеген, деректерді автоматтандырудың негізін қалаған, прокурорлардың бір емес, бірнеше буынын дайындаған ардагерлердің өлшеусіз үлесіне ризашылығын білдіріп, атап өтті.

Атқарылған жұмыстарды атап өткен Сәбит Нұрлыбай ұжымға кәсіпқойлығы мен қызметке жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтып, Комитеттің ақпараттық-талдамалық әлеуетін одан әрі жетілдіру мен дамытудың маңыздылығын атап өтті, сонымен бірге Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау бойынша басымдылықты белгіледі.

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер Бас Прокурор мен Комитет Төрағасының бұйрықтарымен марапатталды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін Комитет дайындаған концерт өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті