2024 жылғы 18-20 қараша аралығында Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігі, Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі мен ЕуроОдақтың өкілдері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жұмыс сапарымен болды.
Іс-сапардың мақсаты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық істерді тергеу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процестеріне және т.б. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеуді жалғастыру болды.
Жұмыс отырысы барысында Комитеттің ақпараттық жүйелері мен сервистері көрсетілді, оның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), СДТБТ Жария секторы, Электрондық қылмыстық іс, Мемлекеттік айыптаушы, Талдау орталығы.
Қазақстандық тәжірибені зерделеудің маңызды факторы СДТБТ-ны енгізу прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылаудың сапасын арттыруға, тергеушілер мен прокурорлардың жұмысын оңтайландыруға, қылмыстық істерді электронды форматта, оның ішінде жасанды интеллект элементтерімен жүргізуге мүмкіндік берді, олар қазірдің өзінде оң нәтижелер көрсетуде.
Бүгінгі таңда қылмыстық істердің 95 пайызын тергеушілер электронды форматта тергеп қана қоймай, кейіннен соттарда да электронды форматта қаралады.
Қырғыз тарапына Астана қаласының полиция Департаменті Есіл ауданының полиция басқармасында электронды қылмыстық іс аясында тергеушілер мен прокурорлардың тәжірибелік жұмысы көрсетілді.
Астана қаласының полиция Департаментінің Жедел басқару орталығында делегацияға елорда жолдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ӘІБТ Процессинг орталығының жұмысы көрсетілді.
Сонымен қатар, қонақтарды СДТБТ Жария секторының жұмысы қызықтырды, ол арқылы қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізудің қажетті процестік құжаттарымен қашықтықтан таныса немесе сұрата алады.
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында делегацияның мүшелеріне судьяның қарауына жіберілген электрондық қылмыстық істер тіркелетін, сондай-ақ оларды судьялар арасында автоматты түрде бөлетін сот органдарына арналған құжат айналымы жүйесі көрсетілді.
Әділет министрлігінің сот сараптамасының өкілдері сот сараптамасы жүйесімен, криминалистикалық зерттеулер мен сараптамаларды автоматтандырылған тағайындаумен және алумен, электронды қолтаңбаның сот сараптамасын жүргізу әдістемесімен таныстырды.
Іс-сапарды қорытындылай келе, Қырғыз Республикасы Бас Прокурорының орынбасары У.У Конкубаева құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін және бүгінгі күні Қырғыз Республикасының қылмыстық және әкімшілік процестерінде цифрлық жобаларды жүзеге асыруда белсенді қолданылып жатқан Қазақстан прокуратурасының айтарлықтай оң тәжірибесін атап өтті.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу аясында Қазақстан тарабы құқық қорғау қызметін цифрландыру және Қырғыз прокурорларының қадағалау жұмыстарына ІТ-технологияларды енгізу туралы хабардар етілді.
Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстан прокуратурасының өкілдерін ресми іс-сапармен шақыра отырып, оларды қарсы алғандығы және қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша берілген ақпарат үшін ризашылығын білдірді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті