Бас прокуратураның Комитетінде заң қызметтерін көрсетудің тәжірибелік аспектілері талқыланды

Бас прокуратураның Комитетінде заң қызметтерін көрсетудің тәжірибелік аспектілері талқыланды

А.ж. 18 қазанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың басшылығымен прокурорлар мен адвокаттар алқасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, оның барысында адвокаттармен Бас прокуратураның ақпараттық жүйелерін пайдалануы бойынша тәжірибелік аспектілері талқыланды.

Оның жұмысына Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы - Айдын Бикебаев, Республикалық адвокаттар алқасы президиумының мүшелері - Сәуле Акатова, Айгүл Маштиева, Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары Ақымжан Үмбеталин, сондай-ақ Бас прокуратураның және ҚСжАЕК-тің жауапты қызметкерлері, онлайн форматта республикалық және өңірлік адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға СДТБТ АЖ «Жария секторы» функционалының жұмысы, оның ішінде адвокаттарға қылмыстық іс материалдарына қол жеткізу тәртібі көрсетілді, сондай-ақ тәжірибеде туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер берілді.

Тараптар онлайн режимде СДТБТ АЖ материалдарына қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу нәтижесі бойынша қылмыстық істер материалдарына қол жеткізу тәртібін жеңілдетілетін ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы бірқатар шаралар әзірленді.

Соңында Сәбит Нұрлыбай іс-шара қатысушыларына бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіріп, осы бағытта туындайтын мәселелерді шешуде тығыз өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті