Прокурорлық қадағалау актісін қараусыз қалдырғаны үшін лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды

Прокурорлық қадағалау актісін қараусыз қалдырғаны үшін лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті «ҚазАвтожол» акционерлік қоғамы филиалдарының бірін тексеру қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын есепке алу және қарау саласында заңдылықтың бұзулуын жою туралы енгізген ұсыну қараусыз қалдырылған.

Өз кезегінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес прокурордың ұсынуын күнтізбелік отыз күн ішінде қарамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

Департамент бастығының қаулысымен филиал директорының м.а. ӘҚБтК-нің 664-бабы (соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, айыппұл төленді.

          

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті