2024 жылғы 27 қыркүйекте НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15215799) Бас Прокурордың «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Осы жобамен Бас Прокурордың мынадай бұйрықтарының күші жойылсын деп танылуға тиіс:
1) 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 «Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы», сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген бұйрықтар.
Негізі: Әділет органдарының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 36-бабына сәйкес борышкерлердің бірыңғай тізілімін енгізуі.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімін сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады және жүргізеді;
2) 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап № 4 «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»
Негізі: Конституциялық заң «Прокуратура туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағы (Жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады).
Бұйрықтың жаңа редакциясы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Тізімнің 11-тармағына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайды (11. Мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ведомство ішілік қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын НҚА).
Осы бірлескен бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.