
2020 жылы 16 маусымда нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4150120) «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті