Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

А.ж. 13 қыркүйекте Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған шара Комитеттің төрағасы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай мен университет ректоры Сергей Пеннің қатысуымен өтті.

Бас прокуратура Комитетінің төрағасы Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауы барысында құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан - жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылғанын атап өтті.

Бұл тапсырма барлық мемлекеттік аппарат үшін басым міндет болып табылады.

MIND ғылыми-зерттеу орталығымен әріптестік, оның ғылыми әлеуетін, Комитеттің үлкен (BIG DATA) деректерін, IT-технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалана отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жоспарланған ғылыми тағылымдамалар студенттер, магистранттар, докторанттар және профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.

Іс-шара соңында тараптар қол қойылған құжат өзара іс-қимылдың тиімді тетігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ меморандумда айқындалатын бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сәбит Нұрлыбай өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен нәтижелі жұмысы үшін Сергей Пенге алғысын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті