2024 жылдың 28 тамызында НҚА ашық деректер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15186532) «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есеп нысандарын, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын, және оларды енгізу және қалыптастыру бойынша ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымындағы №92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылған.
Жоба «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамызындағы №628 қаулысының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.