2024 жылғы 30 шілдеде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15152366) «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы» (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97-VIII ҚРЗ сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасында «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты» оңайлатылған іс жүргізуді жүргізу жөніндегі жаңа бөліммен толықтыру көзделеді, онда қозғалған, орындауда болған және оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде аяқталған атқарушылық құжаттардың саны туралы мәліметтер, сондай-ақ олар бойынша сомалар қамтылатын болады.
Жобанының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.