«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы №29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 17 шілдеде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139985) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы №29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.

Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ағымдағы жылғы 4 шілдедегі мемлекеттік органдарға ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсету мәселесі  жөніндегі кеңесте берілген мемлекеттік органдарға адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы есептен шығарылған мәліметтерді беру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін әзірленді.

Жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.