Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың басшылығымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқаның жұмысына аумақтық және оларға теңестірілген департаменттердің басшылары, орталық аппарат пен аумақтық органдардың жеке құрамы қатысты.
Отырысты аша отырып, Сәбит Нұрлыбай ағымдағы жылы Комитет прокурорларының назары мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.
Алқа барысында ведомствоның қадағалау қызметінің нәтижелері, сондай-ақ цифрлық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Аталған кезеңде қадағалау өкілеттіктерімен мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың дұрыстығы қамтамасыз етілгені атап өтілді. Бақылау-қадағалау қызметі шеңберінде 1,9 мыңнан астам прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, олар бойынша 6 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Азаматтарға 3 миллионан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді (2 016 - мұрағаттар бойынша, 2 905 315 - соттылығы туралы, 230 246-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анықтама, 19 288 - құжаттарға апостиль қойылды).
Жалпы, а.ж. бірінші жартыжылдығында елдегі қылмыс 4,9%-ға немесе 72-ден 68 мың қылмыстық құқық бұзушылыққа дейін төмендеді.
Комитеттің жетекшілігімен жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) жұмысы жалғасуда.
ВАЖТ шеңберінде трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды айқындау әдістемесі әзірленді, оған сәйкес ЖКО орындары мен жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері апаттылық картасында көрсетіледі.
Мемлекет басшысының цифрлық және инновациялық технологияларды жаңғырту туралы тапсырмасы тек өз жұмысында ғана емес, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалануды қоса алғанда, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметінде де орындалады.
Тергеліп жатқан қылмыстық істер туралы деректердің жинақталған цифрлық көлем негізінде жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілуде. Электрондық қылмыстық іс шеңберінде тергеушінің интеллектуалды көмекшісі енгізілуде, ол тергеу әрекеттерінің белгілі бір процестік жағдайлары және басқалары бойынша кеңес беретін болады.
Соңғы жылдары құқық қорғау қызметін цифрландыру қарқыны айтарлықтай өсті. Егер 2019 жылы тергеліп жатқан электрондық қылмыстық істердің үлесі 5%-ды болса, қазір бұл көрсеткіш 95%-ды құрайды.
Сол сияқты әкімшілік іс жүргізу ӘІБТ ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізіледі және электрондық әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың 96%-ын құрады.
Бүгінгі таңда ӘІБТ-де әкімшілік процесті электрондық форматта үшін барлық жағдайлар жасалған. «Бизнес» ТСОБТ жүйесінде заңсыз тексерулерден сенімді қорғалуда.
ТСОБТ ақпараттық жүйесі арқылы бизнес субъектілерін бақылаушы органдар тарапынан заңсыз және негізсіз тексерулерден қорғау қамтамасыз етіледі.
Комитет пен оның аумақтық департаменттерінің қадағалау шараларымен 950 заңсыз тексерулердің жолы кесілді. Жол берілген бұзушылықтар үшін 400-ден астам мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары түрлі жауапкершілікке тартылды.
ӘРПК-ні қолдану тәртібінің орталық және өңірлік деңгейде, оның ішінде квазимемлекеттік секторда сақталуын талдау және бақылау қамтамасыз етіледі.
Статистикалық деректерде жүргізілген талдау көрсеткендей, жыл сайын ел халқының 10%-ы мемлекеттік органдарға жүгінеді (ҚР халқы - 20 млн., жолданымдар -2 091 865).
Жолданымдардың жалпы көлемінің 64% (1,3 млн.) - орталық мемлекеттік органдарға, 36%-ы (790 мың) - жергілікті атқарушы органдарға келіп түсті.
Азаматтар өздерінің өмірлік мәселелерін шешу үшін уәкілетті органдарға жиі-жиі жүгінеді, бұл ретте талдаулар мен тексерулердің нәтижелері жекелеген мемлекеттік органдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтардың бар екенін көрсетеді.
Осы салада 3 мыңнан астам бұзушылық анықталды, олар бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды, 1,8 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, 3 мыңға жуық өтініш берушінің құқықтары қорғалды.
Нақты мемлекеттік органдар бойынша қадағалау іс-шараларының қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Н. Жиенбаевтың төрағалығымен өткен кеңестерде тұрақты түрде талқыланады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жасанды интеллектті жеделдетіп дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Комитет қолда бар тәжірибелік әзірлемелерді пайдалана отырып, халықтың жолданымдары негізінде Тәуекелдерді мониторингілеу мен болжаудың талдамалық құралын әзірлеуде.
Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмаларын іске асыру мақсатында Комитет Төрағасы инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық жүйені жетілдіру, салықтық тексерулер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тағайындауды міндетті электрондық келісу тетіктерін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Жұмысты қорытындылай келе Сәбит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарын белгілеп, мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ еліміздің жоғары басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау, оның ішінде цифрлық технологияларды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді айқындады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті