
А.ж. 7 маусымда елордада ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің және Фридрих Эберт қорының (FES) Қазақстандағы өкілдігінің «ӘРПК: күрделі туралы қарапайым» брошюрасының II бөлімі таныстырылды.
Аталған іс-шараға Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Әділет, Мәдениет және ақпарат министрліктері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Брошюра Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген рәсімдерді дұрыс қолдану мақсатында әзірленді, ол жолданымдарды қарау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ондағы ақпарат ықшам және қарапайым тілде көрсетілген.
Брошюраның мазмұны әкімшілік істің түсінігі, оның қажеттігі, жолданымдардың қарау мерзімдері, әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу, өтініш берушінің мәселесін шешу жолдары, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасау, тыңдаудың мақсаттары, тыңдаудан кейінгі тәріп және әкімшілік актіні негіздеу туралы қысқаша ақпаратты қамтиды.
Сарапшы ретінде брошюраны әзірлеуге қатысқан Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Құсайынов ұсынылған құжаттың маңыздылығын ескеріп, брошюра өтініштерді өңдеу кезінде әкімшілік органдардың қызметкері үшін, сондай-ақ жолданымдарды беру кезінде азаматтар үшін де көмек құралы болатынын атап өтті.
Төмендегі сілтеме арқылы брошюраның электронды нұсқасымен танысуға болады: https://www.osce.org/ru/programme-office-in-astana/570489.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті